Қызылорда да Covid19 кеселімен күреске коммуналдық кәсіпорын мамандарыда ат салысуда. "Nur Otan" партиясының бастамасымен «Қызылорда тазалығы» кәсіпорны адам көп шоғырланатын орындарды залалсыздандыруда. Бүгін - тәулігіне 5 мың жолаушыны қабылдайтын - теміржол вокзалы, жаңа технологиямен өңделуде. Ғимараттың ішкі залдарын суық, ал сыртын ыстық бумен дизенфекциялады. Мамандардың айтуынша, заласыздандыруға пайдаланылып жатқан сұйықтық, адам ағзасына зиянды емес.
Денис ПЯТИБРАТОВ, «КЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» ЖШС ДЕЗИНФЕКТОРЫ:
Біз соңғы үлгідегі «Шторм» атты қондырғыны пайдаланудамыз. Яғни, суық бу арқылы шашылатын қоспа жерге бірден түспей, екі сағат көлемінде ауада сақталады. Сол арқылы залалсыздандыру әсері көпке дейін сақталады. Көзге көрінбейтін тамшылар барлық, қол жетпейтін бұрыштарға қонады. Бұл тәсілде біз құрамында хлор бар препаратты пайдаланып отырмыз. Ал ғимараттын сыртын, көшені ыстық бумен залалсыздандырамыз.
Базара ТАҢБАЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «ТЕМІРЖОЛ» ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Партияда өз тарапынан жұмыс тобын құрып, мониторингтер жүргізіп, партиялық бақылауды күшейтуде. Соның бірі, адамның көп шоғырланатын орны темір жол вокзалында залалсыздандыру қазіргі таңда өте манызды болып отыр. Бұған дейінгі жасалған барлақ шаралар әсері аздығынан қазіргі таңда технологиясы өте жоғары жаңа технологияны пайдалануымен бүгінгі залласыздандыру өте орынды.
Ш. Сақтапова