Русский Сайттың толық нұсқасы

"Партияның көмегі бізді құтқарып тұр", - қазақстандық нұротандықтарға ризашылығын білдіруде

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2020
  • 3970

Шымкентте мыңнан аса отбасы республикалық "Біз біргеміз" акциясының шапағатын көрді. Оларға партиялықтар азық-түлік себеті мен қорғаныш құралдарын әкеп берді. Әлеуметтің әлсіз тобы партияның қамқорлығына алынған. Қиын-қыстау кезде аз да болса көмек қолын созғандарға олардың алғастан басқа айтары жоқ. 

Республикалық «Біз біргеміз!» шарасы бүгін Алматы облысында да жалғасын тапты.   Көп балалы ана Айса Маматаева партия дайындаған көмекке ие болды.

Айса МАМАТАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Мен қысылғанда Нұр Отаннан көмек берген. Жағдайыма қарап, осында карантин кезінде азық-түлік, тазалық заттарын әкеліп осындай көмектер берген кісілерге мың алғыс.

«Nur Otan» партиясының бірегей жобасы Шымкентте де, аз қамтылған отбасыларды қуантты. Нұротандықтар оларға да бірінші кезекте қажет азық-түлік, санитарлық-гигиеналық заттарды жеткізіп беруде.

Заңғар ҮСІПАХМЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ қ. ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Біз тек қана бұл ауруды үйде отырып, өзге азаматтарға, өзімізге ешқандай зиян келтірмесек жеңе алатынымызды айтқым келеді сіздерге.

Партия тарапынан берілген көмекке қол жеткізгендердің бірі Гүлімхан Сманова. Жазғызбасты ана үш бірдей мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отыр. Нанға шығуға жүрексініп отырмын деген келіншек қазіргідей қиын шақта көмек көрсеткендерге алғыс айтты.  

Гүлімхан СМАНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Қазіргі мына жағдайға байланысты «Nur Otan» партиясына үлкен рахмет. Үйде отырып, үйден шыға алмай жатқан жағдайда азық-түлігімізді әкеп беріп қол ұшын созып көмек беріп жатқандарына.

Республикалық шараның мақсаты - індеттің таралуына тосқауыл болу. Мұндай көмекті бүгінге дейін шымқаланың мыңнан астам тұрғыны алып үлгерді. Олар соғыс ардагерлері, жалғызілікті зейнеткерлер мен аз қамтылған, көпбалалы отбасылар.

А. Кемелжан