Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздағы бірқатар мектептердің құрылысында тиісті талаптар сақталмағаны анықталды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2017
  • 3031

Тараздағы бірқатар мектептердің құрылысында тиісті талаптар сақталмаған. Бұл мәселе «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облысындағы партиялық бақылау комиссиясы жүргізген рейд барысында көтерілді. Тексеру шарасы «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруда Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылауға бағытталған.

Шілдеде басталған «Шөлдала» мектебінің құрылысына 1 млрд 880 миллион теңге бөлінсе, оның 644 миллионы ғана игерілген. Комиссия мүшелері кемшіліктерді түзету «Нұр Отанның» назарында болатынын ескертті. Ал құрылысқа жауаптылар қараша айында нысанды бітіреміз деп сендірді. Тараздағы №24-ші гимназия жанында бой көтерген қосымша құрылыс алаңы да тексерілді. Спорт зал мен асхана салуға республикалық бюджеттен 700 млн теңге қаралған. Оның 331 миллионы игерілді. Құрылысы келесі жылдың шілдесінде аяқталмақ. Партиялықтар «Бәйтерек» шағын ауданындағы 1000 орындық мектеп құрылысымен де танысты.

Жақып Жексембиев, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы:

«Жұмысшылар жеткілікті ме? Олар уақытысында айлығын алып жатыр ма? Құрылыс заттары өзімізден шыққан қазақстандық па, жұмысшылардың 70 пайызы осы жергілікті халық болуы керек, солар тартылды ма?» деген сияқты мәселер көтеріп жатырмыз. Онын бәрін тексеріп тұрамыз? Уақытысында айлығын алып жатыр дейді, бұл кісілерді айтуынша. Ешқандай өкпе наздары жоқ.