Русский Сайттың толық нұсқасы

Карантин кезінде алматыдағы жалғызбасты қарттарға ыстық тамақты арнайы сала мамандары жеткізеді

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2020
  • 2608

Бұдан былай Алматыдағы жалғызбасты қарттарға ыстық тамақты арнайы мамандар жеткізіп береді. Санитарлық қауіпсіздік үшін «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері жауапкершіліктен босатылды. Ал, жеткізу қызметінің мамандары арнайы дайындықтан өткен. Оған қоса санитарлық жабдықтармен қамтылған. 

Мәди АХМЕТОВ, «JAS OTAN» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Түсінік пайда болмау керек бұл жерде еріктілер кетті, енді біздің үйімізге тамағымызды, гигиеналық заттарымызды кім алып келеді, деген спетті. Бұл жерде еріктілердің орнына әлеуметтік қызметкерлер бар, одан бөлек арнайы курьерлік компаниялар бар.

Ыстық тамақ жалғызілікті қарияларға күнде жеткізіледі. Айта кетейік, бұл шараны «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы Республикалық аралас жекпе-жек федерациясымен бірге қолға алған болатын. Қазір игі бастамаға қаладағы кәсіпкерлерде ат салысуда. 

А. Кемелжан