Русский Сайттың толық нұсқасы

Димаш Құдайбергенов 100 отбасыға гуманитарлық көмек көрсетті

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2020
  • 3139

Қайырымдылық - адам жанының нұры. «Біз біргеміз!» акциясын танымал әнші Димаш Құдайбергенов те қолдады. Ол Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларындағы 100 отбасыға 5 тонна азық-түлік жолдаған. Әншінің көмегін мұқтаж жандарға жеткізу үшін еріктілер мен "Nur Otan" партиясының мүшелері атсалысты.

Бибігүл ӘШІРОВА, «ҚАНАТ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЕРІКТІСІ:

Қала бойынша 6 көлік керек-жарақты таратып жүр. Себеттердегі азық-түлік әр отбасыға шамамен бір айға жетіп қалады. Қайырымды азаматтардың жомарттығы көңіл қуантады. Қиындықты бірге жеңетінімізге сенемін.

Жезтаңдай әнші жерлестерін де көмексіз қалдырмады. Ақтөбеде екі немесе одан да көп мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға да азық-түлік жеткізілді. Алтынай Қонақова екі бірдей аутизм дертіне шалдыққан бала тәрбиелеп отырған ана. Осындай қиын кезеңде көмек қолын созған жандарға ризашылығын білдіреді.

Алтынай ҚОНАҚОВА, ТҰРҒЫН:

Осындай қиын заманда елімізге іс түскенде біз сияқты аналарға, отбасыларға көмек көрсетіп жатқан «Nur Otan» партиясына өз жерлесіміз Димаш Құдайбергенге алғысымды айтамын. Біз біргеміз үйден шықпай осы жағдайда бірге күресіп жеңіп шығамыз деп ойлаймын.

Ғ.Өтемісов