Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысының тұрғындары елдің еңсесін көтеру мақсатында өнер челленджін бастап кетті

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2020
  • 3432

Үйден шықпай-ақ, өнеріңмен тәнті ет! Атыраудағы шалғай жатқан Тасшағыл ауылының тұрғындары төтенше жағдай кезінде елдің еңсесін көтеруді мақсат етіпті. Олар ерекше өнер челленджін бастады. Басты талап домбырамен өнеріңді паш ету. Тұрғындардың арасында ерекше қолдау тапқан өнер челленджі және Атыраудағы қазіргі ахуал туралы  тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы айтып береді.

Ауыл жастарының бұл бастамасын үлкен-кіші бір ауыздан қолдапты. Ерекшелігі сол - ешкім сахнаға шықпайды. Үйде отырып, ән шырқап, оны ауыл тұрғындарының тобына жіберіп, әлеуметтік желігі жүктейді. Айналдырған үш күнде 50-ден астам тұрғын челленджге қатысты. Бастаманы осы ауылда дүниеге келіп, елдің түкпір-түкпірінде жүрген тасшағылдықтар да бірден іліп кетті. Енді көрші ауылдағы өнерпаздар да оны жалғап жатыр.

Құралбек ЖҰМАЕВ, ТАСШАҒЫЛ ОРТА МЕКТЕБІ МУЗЫКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Халықтың рухын, көңіл күйін көтеру мақсатында ұлттық өнерімізді, ауылдағы дарынды, талантты ө нерпаздарымызды халыққа насихаттау мақсатында інілеріміздің ұсынысымен қолдап, өнер  эстафетасын бастадық.  

Облыс орталығынан 300 шақырымда орналасқан шағын ауыл халқының басты кәсібі - мал шаруашылығы. Бүгінде олардың қаламен байланысы үзілген. Дегенмен, еңсені түсірмей, алдағы күннен үміт күтеді. Облыс орталығында да да барыс-келіс, жүріс-тұрыс азайған. Есесіне жарақат алатындар азайыпты.

Сайын ШОМИРОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Бұрын біздің облыстық аурухананың қабылдау бөліміне 150-200-дей адам келетін болса әртүрі потологиямен, кеше күннің өзінде 30 адам келді қабылдау бөліміне.  Қабылдау бөлімі жұмыс жасап жатыр.  Медициналық көмек тоқтатылған жоқ.

Дегенмен, өңірде Covid-19 індетін жұқтырғандар саны артып тұр. Тек күні кеше 7 адам тіркеліп, науқастардың жалпы саны 29-ға жетті. Олардың екеуі жасөспірім, қалғандары ересектер. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханадағылардың біреуінің жағдайы алаңдатарлық. Қалғандары қанағаттанарлық.  

Б. Нәдірқызы