Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық еріктілер жедел жәрдем қызметі мен блок-бекеттерге ыстық тамақ апарды

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2020
  • 3055

Оралдық еріктілер коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер мен полицейлерге ыстық тамақ апарды. Бұл жолғы игілікті іске жергілікті оқу орындарының бірі ат салысуда. 200-ден астам дәрігер мен полиция қызметкеріне бүгін ыстық түскі ас жеткізді. Ақ халаттылар бүгінде қит етсе, жедел жәрдем шақыртушылардың қатары айтарлықтай азайғанын айтады. Жалпы өңірде екі адам індетті жұқтырған. Осындай науқастар үшін, жедел жәрдем он бригаданы жасақтапты.

Гүлнар ЖҰМАҒАЛИЕВА, «БҚО ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ» ШЖҚ МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір түскі мезгілде тамақтануға уақыт көп кетпесін деп тезірек тамақтанып, түскен шақыртуларға тезірек барып, Батыс Қазақстан тұрғындарына уақытылы жедел жәрдем көмектессін деп істеп жатқан істеріне көп-көп рахметімізді айтамыз.


Күшейтілген карантиндік режимге байланысты Оралда 9 блок-бекет қойылған. Мұнда жолаушылар мен жүргізушілердің дене қызуы мен құжаты мұқият тексеріледі. Полицейлер тұрғындар арасында карантин режимін түсіндіру жұмыстары жүргізіп жатқандарын жеткізді.

Ержан ЕРГАРИН, БҚО ПД ТЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Карантин басталған кезде халық кішкене түсінбеді. Қазіргі таңда жұмыс орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгіннен бастап, халық саны азайды. Жұмыс барысында тек қана жүріп жатыр, сосын қалаға соқпайтын машиналар, басқа қаладан, басқа мемлекеттен келіп жатқан машиналар бізден транзит ретінде өтіп жатыр.


Е. Карин