Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласына сарапшылар пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2020
  • 3803

Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін жарық көрген «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласы халықтың Үкіметке деген сенімін арттырады. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Радик Темірғалиевтің пайымы - осы. Ол қазір әлемде пандемияның кесірінен халықтың билікке сенімі жоғалғанын мысал етті.

Радик ТЕМІРҒАЛИЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Көптеген мемлекеттерде коронавирустың кесірінен билік пен халықтың арасында жік пайда болуда. Жұрттың экономикалық жағдайымен психологиялық шыдамы да сыр бере бастады. Сондықтан Елбасының бүгінгі мақаласы халықтың Үкіметке сенімін арттыра түседі. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев елді бұған дейінде экономикалық дағдарыстардан аман алып шыққан көшбасшы.

Ал, ғылыми қызметкер Алмас Арзықұлов болса, осы мақала арқылы Елбасы "Бірлік түбі - тірлік" ұғымын ашып көрсете білді дейді. Нұрсұлтан Назарбаев: "Мемлекет қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын, бірде-бір адам қамқорлықсыз қалмайтынын" айтты. Ал, халықтың тарапынан шадымдылық пен ауызбіршілік қажет деді.

Алмас АРЗЫҚҰЛОВ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ИНСТИУТЫ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Халықты бірлікке, шыдамдылыққа шақырды. Төле бидің айтқанын келтіре отырып жаңағы, «Бірлік жоқ жерде, тірлік жоқ», деп. Бәрімізді осы Еліміз үшін қиын жағдайда бірлесіп бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып жұмыс істеуге шақырды.

Д. Мұхаммедкәрім