Русский Сайттың толық нұсқасы

Ішкі істер министрлігінің қызметкерінен коронавирус анықталды

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2020
  • 1788

Дәрігерлерден бөлек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген Ішкі істер министрлігінің қызметкерінен де коронавирус анықталды. Қазір науқас аурханада тиісті ем қабылдап жатыр, жағдайы қалыпты. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті. Сондай-ақ кесел жұқтырған қызметкер қарым-қатынаста болған 530-ға жуық адам анықталыпты. Олар негізенен науқастың отбасы және әріптестері.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Байланыста болған қызметкерлер тексерілуде. Көпшілігінен дерттің белгілері табылмаған соң, қайта жұмыстарына оралды. Одан бөлек 30-ы стационарлық, 80-і үй карантинінде жатыр.

Айта кетейік, бүгінде қоғамдық тәртіпті 52 мың адам қамтамасыз етуде. Оларға да Президент тапсырмасына сай 1 айлық жалақы мөлшерінде сыйақы беріледі. Юрий Ильин бұл мақсатқа 6 млрд теңге бөлінгенін айтты.

Ә. Өмірзақ