Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапонияда алтынның бағасы өскен

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2020
  • 2978

Пандемияға байланысты Жапонияда алтынның бағасы қымбаттаған. Киодо ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мұнда алтынның 1 граммы 6 мың 513 иен, яғни 25 мың 770 теңгеден саудаланып жатыр. Сарапшылар мұны қаржы нарығындағы тұрақсыздықпен байланыстырады. Олардың пайымынша әлемдегі жағдайға байланысты құнды қағаздар мен акциялардың бағасы тым төмендеуі ғажап емес. Соңғы рет күншығыс елінде алтын бағасы 1980 жылы күрт көтерілген. Ол кезде Ирандағы Ислам революциясы мен Ауғанстанға Кеңес әскері енген тұста, ғаламдық дағдарыс орын алды. Осының салдарынан алтынның бағасы күрт көтерілген болатын.

А. Қуаш