Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда қаласында 22 нысан каратинге жабылды

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2020
  • 2227

Нұр-Сұлтан қаласында 22 нысан каратинге жабылды. Олардың арасында көппәтерлі тұрғын үй кешендері, тіпті әлеуметтік мекемелер де бар. Қоршауға алынған аумақтарға 200-ден астам адам ауқымды дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Оған әскери қызметкерлер де қатысты. Тілміміз жалғастырады.

Абылай хан - Қайрат Рысқұлбеков - Ғабит Мүсірепов - Ғабиден Мұстафин көшелерінің қиылысы толықтай каратинге жабылды. Оған себеп соңғы төрт күнде осы төңірек тұрғындарының 11-нен коронавирус анықталған. Вирустың таралу қаупін сейілту мақсатында ауқымды дезинфекция жұмысы жүргізілді.

Марлен ҚАСЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қалалық бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша 15 сәуірде Абылайхан-Мұстафин-Рысқұлбеков көшелерінің аумағына шектеу енгізілді. Дезинфекциялауға 200-ден астам адам жұмылдырылды. Негізгі көшелерден бөлек, мекенжай аумағының ішкі бөліктері мен үйдің кіре-берістері, аулалар, балалар алаңдары да залалсыздандырылып жатыр.

Аталған аумақта 9 көпқабатты үй каратинге жабылған. Тұрғындар үйлеріне жақын жердегі азық-түлік дүкендеріне ғана шыға алады. Дәрі-дәрмекті тапсырыспен алдырады. Осылайша елорда да каратинге жабылған нысандардың саны 22-ге жетті.

Сарқыт БЕЙСЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Елордамызда 22 нысан карантинге жабылды. Ол төрт денсаулық сақтау нысаны, екі жатақхана, жаңағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, сосын бірнеше подъезд.

Жалпы, бас қаладағы 2800-ден астам тұрғын үйге, үшінші рет ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Күн сайын шамамен 500 адам өңдеу жұмыстарына ат салысуда. 

Ә. Өмірзақ