Русский Сайттың толық нұсқасы

Республикалық «Biz Birgemiz!» акциясына өзге елден келген қандастарымызда ат салысып жатыр

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2020
  • 2877

Республикалық «Біз Birgemiz!» шарасы аясында, бүгін Алматы қаласының Алмалы ауданындағы мыңға жуық тұрғынға медициналық маска тегін таратылды. Елбасының бастамасымен қолға алынған ауқымды шараға кәсіпкерлерден бөлек өзге елден келген қандастар да ат салысып жатыр.

Гүлшар Майкен бір жыл бұрын аспан асты елінен атамекенге қоныс аударған. Алматыға табан тіреген ол, ел басына күн туғанда әлеуметтік көмек көрсетуді жөн санапты. Жалпы сомасы 2 млн. теңгеге азық-түлік сатып алып, мұқтаждарға таратты. Басты мақсаты батпандап кірген кеселді жеңуге үлес қосу.

Гүлшар МАЙКЕН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жұдырықтай жұмылау арқылы карантинге қатаң бағынуымыз керек. Өз отбасымыздың бас амандығына кепілдік еткенде халқымызға да кепілдік етеміз.

Әлеуметтік жағдайы төмен 200 отбасы, Гүлшар Майкеннің жеке қаражатына сатып алынған азық-түлік себетіне ие болды. Бұдан өзге, Республикалық «Birgemiz!» қорынан бөлінген 2 млн. медициналық бетпер де осы аудандағы 5 мыңнан асатын әлеуметтік аз қамтылғандарға таратылуда.

Айнұр БЕКЖАНОВА, АЛМАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Елбасының бастамасымен «Біз Біргеміз!» акциясы жалғасын табуда. Бүгінгі біз мына медициналық маскамен қамтамасыз ету шарасын бастадық. Жалпы осы акция асында бес мыңнан астам отбасыға маска таратылады.


Бұл шара қала бойынша ең алдымен көп балалы, аз қамтылған, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылуда. Жоспар бойынша тағы 30 мыңға жуық тұрғын осындай бетперделермен қамтылмақ.

А. Кемелжан