Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарға тасқын су келді

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2020
  • 2744

Солтүстік Қазақстан облысындағы кей ауылдар қаламен байланысын үзді. Оған арнасынан тасыған өзен суы себеп болды. Облыс орталығы маңындағы 2 мыңнан аса саяжайға су кірген. Автожолдарды да судың астында қалды. Төтенше жағдай қызметкерлері алдағы күндері су деңгейі тағы көтерілетінін хабарлайды. Аймақтағы ахуалды тілшіміз әңгімелейді.

Саяжайда тұратын Николай Поленов 2017 жылы Петропавлға үлкен су келіп, біраз қиындық көргенін айтады. 2017 жылы мұнда үлкен су келіп, біраз қиындық көргенін айтты. Содан бері қазір көктемге ерте бастан дайындалатын болған. Дүние мүлкін жоғары көтеріп қойыпты.  Сақтықта қорлық жоқ, дейді ол.

Николай ПОЛЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

2017 жылы үйімді жартылай су басты. Бақтағы бүкіл ағаштарым өліп қалды. Бар еңбегім далаға кетті. Бұған дейін саяжайда мұндай болмаған еді. Қазір шама жеткенше дайындалып отырамыз. 

Қауіпке негіз бар. Өйткені тасыған су сайжай аумағындағы 2 мыңнан астам баспананы жарамсыз еткен.Бұдан бөлек, Петропавлдың маңайындағы Заречный мен Былғары зауыт кентіне де қауіп төніп тұр. Өзен суы бұл елді-мекендерді бөліп тастапты.  Қазір қарым-қатынас жасау қиындаған. Қазір ауыл тұрғындары мен қаланы арнайы көпір ғана байланыстырып тұр.
 
Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Жыл сайын судың астында қалатын "Новосібір- Челябі" тас жолын тасқын биыл да айналып өтпеді. Халықаралық маңызы бар жолды Есіл өзені екі жерден басқан. Судың тереңдігі бір метрге жуықтайды. Жол жабық болған соң, жүк көліктері қазір айналма жолмен қатынап жүр.

Есіл өзенінің қала маңындағы су деңгейі бүгінге үш метрге дейін көтерілген. Мамандар алдағы күндері су тағы көтерілетінін болжап отыр. Олар қазір күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, күні-түні бақылауға алңған.  

Рамиль КАМАЛОВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТНІҢ БАСШЫСЫ:


Облыс бойынша үйлерді су басқан жоқ. Тек Петропавлдың маңайындағы 2300 саяжай су астында қалды. Мұнда 260 адам тұрды. Олар дер кезінде ескертілген болатын. Егер су тұрғын үйлерге жақындаса, біз барлығын эвакуациялауға дайынбыз.

Үш жыл бұрын бұл аймақта Есіл өзені арнасына тасып, су деңгейі 9 метрге көтерілген еді. Шамамен 400-ден астам үй су астында қалып, төрт түлік қырылып қалған болатын. Ал, биыл сала мамандары жағдай бақылауда деп сендірді. Қыс бойы тасқыннан қауіп күткен теріскейдің бірқатар ауылдары биыл қызыл судан аман қалғанын жеткізді.

А. Құрманкин