Русский Сайттың толық нұсқасы

COVID-19 денсаулық сақтау саласындағы кемшін тұстарды көрсетті, - G20

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2020
  • 2528

COVID-19 денсаулық сақтау саласының әлсіздігін көрсетті. Бір елде емес, бүкіл әлем елдерінде жағдай осы. G-20 клубына мүше елдердің денсаулық сақтау министрлері осындай мәлімдеме жасады. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, онлайн өткен жиында министірлер ортақ коммюнике қабылдаған. Онда кеткен қателіктер ескеріліп, эпидемияға қарсы бағытталған жаңа қадамдарды жіпке тізді.

Мао КСЯОУЕЙ, ҚХР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Біз өзіміздің профилактикалық жұмыстар кестесін үнемі дамытып отырамыз. COVID-19 пандемиясымен күресу әдістерін өзге елдермен бөлісуге дайынбыз. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы және барлық елдер біздің қадамдарды нақты біледі. «Денсаулық сақтау саласы дамымаған елдерге қол ұшын беру үшін бүкіл әлем бірігу керек», деген үндеу тастағымыз келеді.

Жалпы әлемдегі жағдай қуантарлық емес. Бір ғана АҚШ-та қытайлық вирусты жұқтырғандар саны 740 мың 100 адамға жетті. Қайтыс болғандар 40 мыңнан асып түсті. АҚШ-тың Нью-Йорк штаты пандемиядан ең көп зардап шекті. Алайда, бұл үрейлі сандар америкалықтарды алаңдататын емес. Халық көшеге шығып карантинге қарсы митингілер өткізіп жатыр. Бейбіт шеру осы күнде Кентукки, Мэриленд, Мичиган, Огайо, Техас және Висконси шаттарында өткен. Ал, Испания мен Германияда індеттің беті қайта бастағанға ұқсайды. Мұнда адам өлімі мен жұқтырғандар саны бірнеше есеге төмендепті. Сондықтан бұл едер карантин режимін жеңілдете бастады. Айта кету керек, короновирустың жаңа түріне әлем бойынша 2 млн 300 мың адам шалдыққан. 160 мыңнан астамы кесел құрбанына айналды.

Д. Мұхаммедкәрім