Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылдық шаруалар ел Президентіне бейнеүндеу жолдады

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2020
  • 2877

Жамбылдық шаруалар бүгін егістік басына жиналды. Олар өткен жылдан бері ала алмай жүрген еңбекақысын талап етті. Айтуларынша  биыл тәтті түбір егіп, оны өсіретін қалтада соқыр тиын қалмаған. Мәселені жергілікті биліктің 9 айдан бері шешіп бере алмай отырғанына наразы. Амалы таусылған диқандар карантинге қарамастан егістік алаңына жиналып, мемлекет басшысына бейнеүндеу жолдады.

Барар жер, басар тауы қалмаған диқаншылар, басқа амалымыз жоқ дейді. Ал жергілікті билік бірінен соң бірі уәде төккенімен, қайыр болмай тұр деді базыналы топ. Айтуларынша шаруалар қант қылшасын Меркі зауытына өткізгеннен кейін, келісім-шарт бойынша 90 күннің ішінде ақшаларын алуы тиіс болған. Алайда одан бері тоғыз ай өтіпті.

БЛИЦ:

- На нас не хотят обратить внимание. Мы никто для них.
- Өз маңдай терімізбен тапқан ақшамызды алып берулеріңізді сұраймыз. Облыс әкімі қазіргі уақытқа дейін біздің еңбек ақшамызды толық шешіп бере алмай отыр.


Дала диқандары бұған дейін де жиналған еді. Ол кезде зауыт башылығы мен жергілікті билік «барлық қарызды ақпан айының 5-нен кейін, кезең-кезеңімен өтейміз » деп сендірген. Бірең-сараңына беріп, қалғанына ертеңмен таң атырып келеді дейді. Айтылған уәде толық орындалмаған соң шаруалар облыс әкімінің есебіне келіп, шу көтерген еді. Одан да қайыр болмапты. Мәселені естіген ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы, 15- мамырға дейін уақыт беруін сұрап отыр. 

Берік НЫҒМАШЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өз ойым бойынша мамырдың 15-не дейін түгелімен жабады. Нақты жоспарымыз бар. Одан да ертерек болып қалуы мүмкін. Өйткені мына несие беру мәселесінен. Мына коронавирусқа байланысты өздеріңізде көріп отырмыздар ғой. - Сол несиемен шешіле ме? - Иә, Несиемен шешейін деп жатыр.

Меркі қанат зауытына жыл сайын 200-ден астам диқаншы тәтті түбірін өткізіп келеді. Олар өткен жылы барлығы 126 мың тонна өнім жөнелткен. Айтуларынша өндіріс ошағаның дәл қазіргі берешегі 680 млн теңге. Өкініштісі де сол бұл жағдай жыл сайын қайталанады деді.

Б. Жұмабайұлы