Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте дәмханалардың бірі карантин кезінде де келушілерді қабылдаған

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2020
  • 3254

Шымкенттің қақ орталығында орналасқан дәмхана төтенше жағдай талаптарын өрескел бұзған. Әлеуметтік желіде тараған мына кадрлар бұған дәлел бола алады. Дәмхаханада оннан аса адам жайбарақат тамақтанып отыр. Тіпті арасында полиция өкілі де бар. Алаңсыз ас ішіп отырғандардың көбінде медициналық маска жоқ. Тамақтанатын орынға кіріп жатқандардың да қарасы аз емес. Айта кетейік, аталған дәмхана аудандық сот пен полиция бөлімінің тура қарсы бетінде орналасқан. Ал жазбаны әлеуметтік желіден көре сала, оқиға орнына жергілікті шенділер жылдам жеттік деді.

Есімжан ЗАҢҚОЕВ, АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз келем дегенше жаңа ішінде отырған адамдар уже жоқ. Ішінде 2-3-ақ адам қалған екен. Олар алып кетуге келдім деп отыр. Тамақ өнімдерін үйге жеткізіп берумен айналысып отыр қазіргі қаулыға сәйкес. Заңды бұзды, 476 бап бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салу-салмау сот өзі шығарады.


А. Төребекқызы