Русский Сайттың толық нұсқасы

«Birgemiz» қоғамдық қорынан ел бойынша жүз елу мыңнан астам отбасы қаржылай көмек алды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2020
  • 3136

Ел аумағында "Біргеміз" қоғамдық қорынан қаржылай көмек алған отбасылар саны шамамен 150 мыңнан асады. Елбасының бастамасымен құрылған қоғамдық қор ұсынған қаражат, қиын қыстауда мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған болатын.  Мәселен Шымкентте 22 мыңдай, Ақтөбеде 8 жарым мың, ал Атырауда 4 жарым мың жанұя, 50 мың теңгеден көмек алыпты.

Атыраулық Парида Абдулова бала күтімімен үйде отыр. Отағасы 3 жылдан бері жұмыссыз. Жеке көлігімен адам тасып отбасына асырап келген. Қос ұлының бірі сал, екіншісі даунамен ауырады. Парида жуырда «Біз біргеміз - Атырау» қоғамдық қоры ұсынған қаржылай көмекті, ұлының еміне жұмсауды жоспарлап отыр.

Парида АБДУЛОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Көп-көп рахмет. Алла разы болсын әлі жұмсаған жоқпын. Ол ақшамды үлкен баламның еміне жинап отырмын. Ертең жаман індеттен құтылып, аман-есен еміне апарайын деп отырмыз. Алматы каласына.

Ал Шымкентте мұндай көмекті алып қуанғандардардың бірі зейнеткер Физуда Ақмолдаева. Алты немересін қамқоршылығына алған әже жәрдем ақшаға бірінші кезекте немерелеріне дәптер, қалам сынды жазу құралдарын сатып алғанын айтады. Артылған ақшаға азық-түлік алып мәре-сәре болып қалдық, дейді.

Физуда АҚМОЛДАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен барып сұраған жоқпын, просто звонить еттім. Сразу маған «NUR OTAN» жәрдемін көрсетіп, жәрдем берді, бала-шағама қарап 50 мың перевод жасады.

Айта кетейік, қаражаттың нақты мұқтаж жандарға жетуін бас партияның өңірдегі филиалдары бақылап отыр. Ақтөбеде қаржылай көмекті сегіз мыңға жуық отбасы алды. Айтолқын Орынбасарова көп балалы ана. Кенжесі енді жасқа толған келіншектің қиын шақта көмектескен жандарға алғысы шексіз.

Айтолқын ОРЫНБАСАРОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үкіметке ешқандай өкпеміз жоқ. сегіз баламен мен сияқты отбасыларға мүмкіндігі шектеулі отабысларға көмектерін тигізіп жатыр. Еліміз тыныш болсын. Мына аурудан тездетіп құтылайық.

Жалпы еліміз бойынша «Birgemiz» қоғамдық қорынан  жүз елу мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден көмек алған. Бұл қолдау шараларының екінші кезеңі мамыр айында жалғасын табады. Бұл жолы берілетін көмек бір миллионға жуық адамды қамтымақ.

Б. Рахметова, Б. Нәдірқызы, А. Төребекқызы