Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел аумағында 25 науқас COVID-19 құрбанына айналды

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2020
  • 2623

COVID-19 пандемиясынан тағы 5 қазақстандық қайтыс болды. Өлім дерегі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысында тіркеліп отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Марқұмдардың барлығында созылмалы сырқаттары болған.

Коронавирустық инфекциядан Алматы қаласының 2 емделушісі көз жұмды. Оның бірі 66 жастағы әйел адам. Ол 15 сәуір күні жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, реанимация бөліміне жатқызылған. Қайтыс болған екінші науқас 1945 жылы туылған.

Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

12 сәуірде ол жұқпалы аурулар ауруханасына КОВИД-19 диагнозымен жатқызылды. Ілеспелі аурулар болды: Ол өте ауыр жағдайда, вентиляторда жатты.

Індет құрбандары Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында да тіркелді. Шымкентте 1968 жылы туған Абай ауданының тұрғыны қайтыс болды. Ол 20-сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жеткізіліпті. Маңғыстауда қайтыс болған 1980-ші жылғы науқаста дәл сол күні ауруханаға түскен. Ол қаланы залалсыздандыратын топта жұмыс істепті. 

Ерғали СЫДЫМАНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:
 
Ер адам 20 сәуірде дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырған соң жедел көмекке жүгінген. Рентген тапсырып, пневмония анықталды. Ол жедел жәрдемге жүгінгенге дейін бір апта өзін нашар сезініпті. Айта кетейік, ер адам екі рет коронавирусқа тест тапсырған. Біріншісі теріс, екіншісі оң нәтиже көрсетті. Ол өңірдегі әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен. Төтенше жағдай кезінде Ақтау қаласын өңдейтін дезинфекторлар тобында болған. Ер адамның отбасы бар, 5 баланың әкесі.

Ал, Ақтөбеде Ресейден жеткізілген студенттер арасынан қауіпті індетті жұқтырғандар анықталған. Жуырда ғана өңірге Мәскеу, Қазан, Уфадан 214 студент келген еді. Оның 8-інде кеселдің бар екенін тест анықтаған. Студенттердің дені Нұрсұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз қаласынан. Қазір барлығы инфекциялық ауруханаларға жатқызылған. Тағы жиырма студент карантиндік стационарға алынды.

Әсет ҚАЛИНВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫ:

Ресейде тексерілмеген. Келген кезде кеденде қарағанда ешқандай клиникалық белгілері жоқ. Қызу белгілері анықталмаған. Тек лабораториялық тексергенде ғана бастапқы сатысын да сондықтан жеңіл түрде өтеді деген ойдамыз. Емдерін алып жатыр. Динамикада қараймыз.

Аймақтағы кеселден емделушілердің арасында 74 және 67 жастағы екі науқастың жағдайы ауыр. Жалпы республикаға келетін болсақ, 2380-ге жуық адамнан вирус анықталған. Оның 602-і дертінен айыққан. Ал, қайтыс болғандар 25-ке жетті. 

А. Данияр