Русский Сайттың толық нұсқасы

Дүйсенбіден бастап мұқтаждарға көмек көрсетудің екінші кезеңі басталады, - Б.Байбек

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2020
  • 4497

"Nur Otan" партиясы алдағы дүйсенбіден бастап мұқтаждарға көмек көрсетудің екінші толқынын бастайды. Бұл туралы бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Фейсбуктағы парақшасында жария етті.  Елбасының тапсырмасымен «Nur Otan» партиясы бар әлеуетін алғашқы күннен бастап Президент жариялаған коронавируспен күрес шараларын қолдауға, мұқтаждарға көмек ұйымдастыруға жұмылдырып келеді.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен дүйсенбіде, яғни 27 сәуірден бастап мұқтаждарға көмек көрсетудің екінші кезеңі басталмақ. Бұл ретте алдында мұндай көмек алмаған 210 мыңнан астам мұқтаж отбасы қамтылып, оларға 50 мың теңгеден аударылатын болады. Сонымен бірге азық-түлік себеті мен жеке қорғаныс құралдары түріндегі атаулы көмек көрсету де өз жалғасын табады. Қасиетті айда осы бағыттағы игілікті істерді әрі қарай іліп әкетіп, қиналғанға демеу, жабыққанға жебеу болатын қайырымды жандар қатары арта түсетініне сенімдімін.