Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық дәрігерлерге жемістер мен санитарлық заттар жеткізілді

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2020
  • 2190

Алматылық ақ халаттыларға демеу болу мақсатында, жергілікті кәсіпкерлер көмек қолын созды. «Біз Біргеміз!» шарасына тұрақты ат салысып жүрген жас кәсіпкер Вахид Гасанов бүгін дәрігерлерге жарты тонна жеміс-жидек пен санитарлық заттар жеткізіп берді. Қайырымдылыққа «Нұр Отан» партиясы ұйытқы болды. Мақсат жұқпалы дерпен күресіп жүрген жандардың денсаулығын дәрумендермен нығайту, әрі қамқорлықты сездіру. Партиялықтар дәрігерлер тұратын жатақхананың әлеуметтік-санитарлық жағдайын бақылауға алды. Әр аудан бойынша арнайы комиссия құрып, апта сайын тексеріп тұрмақ.

Вахид ГАСАНОВ, КӘСІПКЕР:

Өздеріңіз білесіздер Алматылық дәрігерлердің бірқатары коронавирус індетімен аурырып жатыр. Мұндай уақытта шетте қалмауымыз керек. Елдегі 130-ден аса ұлттың, бір тудың астына жиналатын кезі келді. Мен қолымнан келгенше көмегімді көрсетуге дайынмын.

Станислав КАНКУРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы акцияның мақсаты - біздің медицина саласында жұмыс істейтін адамдарды, қызметкерлерді қолдау. Мысалы, бүгін демеушілердің көмегімен осы жерге жеміс-жидектер, антисептиктер алып келдік. Тағы да қандай көмек керек болса, көмектесеміз.

А. Кемелжан