Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде 4 миллионнан астам зейнеткер мен жәрдемақы алатын азаматтар бар

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2020
  • 5952

Ел аумағындағы зейнеткер мен жәрдемақы алатындардың тізімі 4 миллионнан асады. Сәуірден бастап олардың төлемақыларына 10 пайыз үстемақы қосылды. Бұл - мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы болатын.  Ол мұндай шешімді дағдарысқа қарсы шаралардың бір тармағы деп атады. Үстемақыға мемлекет бюджетінен 3 триллион теңге бөлініпті.

Үкімет халыққа жан-жақты қолдау білдіріп отыр. 100 мыңнан астам адамға гуманитарлық көмек көрсетілген. Зейнеткерлер мен жәрдемақы алатындар да назардан тыс қалмады. Оларға берілетін төлемақыны да 10 пайызға арттырды.
 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше елде  зейнеткерлер мен жәрдемақы алатындардың саны 4 млн асады. Министр Біржан Нұрымбетов экономикалық ахуал реттелген жағдайда да үстемақы көлемі азаймайтынын айтты.
 
Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ (1.04.2020):

2020 жылғы  зейнетақы мен жәрдемақы 2019 жылмен салыстырғанда 10% - ға ұлғайтылады. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек, қалыпты өмірге оралған кезде де жалғаса береді. Үстемақы көлемі азаймайды.

Министр зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеу автоматты түрде жүргізілетінін жеткізді. Осы және өзге де шаралар пандемия кезінде ел азаматтарын қаржылай қолдауға бағытталып отыр деді.

Ғ. Өтемісов