Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда «магнит адам» тұрады

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2020
  • 3901

Атырауда «магнит адам» тұрады. Қария бұл ерекшелігін жас кезінен байқаған. Қазір сол мүмкіндігін ересектерге массаж жасауға пайдаланады. Темір-терсекті кеудесіне жапсыратын жандарды жер-жерден кездестіруге болады. Дегенмен ғалымдар бұған не дейді? "Магнит адаммен" тілдескен әріптесім осы сауалға жауап іздеді. 

Октябрь қарияны мұндағы көпшілік ересектерге массаж жасайтын маман ретінде жақсы таниды. Бірақ қазір карантинге байланысты, нәсіп тапқан кәсібі тоқтап тұр. Ол мұндай ерекшелігін бұрыннан байқаған, бірақ мән бермептті.
 
Октябрь ЖҰМАШЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мән бермеймін ешқандай. Бір рет істеп көрдім, сосын өз-өзімді білдім. Қолмен емдеген кезде жұрт қолың жанып тұрады ғой,- дейді. Массажға келген адамдар өздері сезеді, қолдан жылылық бар екенін. Біреуге мынадайым бар деп айта алмамймын гой. Айтуға да болмайтын шығар.

Зейнеткер қасық, шанышқы, пышақ, темір тиындар, тіпті ұялы телефонды да үстіне жабыстырып алып, еркін қозғала алады. 70-тен асқан қарияның бұл ерекшелігін достары ғана біледі. Олар үнемі қызық көріп, жиі видеоға түсіретінін айтты. Бұл жолы да әлеуметтік желіге таратқан солар деп отыр. Ал, жергілікті ғалымдардың пайымынша, мұндай қасиет кез келген адамда кездеседі. Тек оны басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтінін мойындайды.

Ардақ АМАНҚОСОВА, Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАНДИДАТЫ:
 
Кез келген адамның қан бөлшектері оң зарядталған бөлшектер болып табылады. Олар қан жүйесімен қозғала отырып, әр адамның айналасында электромагниттік өріс туғызады. Бәріміз оны басқаруға тырыспаймыз. Бізге ол сол күйінде қала береді. Кейбір жандар осы өрісті өздері басқара алады. Яғни магнит өрісін басқарып, оның күшін жоғарылататын болса, ол басқа айналасындағы қоршаған ортадағы металл заттарды, темірлерді тарту қабілетіне ие.

Ғылым кандидатының айтуынша адам бар болғаны мидың 5 пайызын ғана қолданып жүр. Қалған 95 пайыз бөлігінде қандай мүмкіндік бар екені, адамзат үшін әлі күнге беймәлім дейді. Ал, жаңалыққа жаны құмар Октябрь қарт егде жасына қарамастан ағылшын тілін үйреніп жүр. Оны меңгерген соң компьютердің қыр-сырына үңіліп көрмекші.

Б. Надирқызы