Русский Сайттың толық нұсқасы

ТЖ кезінде 100 астаналық жұмысқа орналасады

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2020
  • 1835

Төтенше жағдай кезінде жүзге жуық астаналық жұмысқа орналасуға өтініш берді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту орталығы хабарлайды. Қысылтаяң кезде еңбек етіп, табыс тапқысы келетіндер «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» жобасы арқылы екі қолға бір күрек таба алады. Атап айтқанда: абаттандыру, көгалдандыру, жөндеу және құрылыс саласына жұмылдырылмақ. Ең төменгі жалақы - 85 мың теңге болмақ.

Рүстем БҰЛАНБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ӘКІМДІГІ "ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жұмыс іздеген адам біздің орталыққа келіп, инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға өтініш тастай алады. Біз оған «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша тендер жеңіп алған мердігерлердің тізімін ұсынамыз. Яғни, бос жұмыс орындарын көрсетеміз. Ол қайда баратынын өзі таңдайды. Жалақысын, жұмыс уақытын, қай кезеңде дейін жұмыс істей алатынын айтамыз.

А. Мүтәлі