Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық әйеліне 7 жерінен пышақ сұққан,- тұрғын

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2020
  • 2715

Елордалық 28 жастағы азамат, жұбайына 7 жерден пышақ сұққан. Мұны марқұмның көршілер айтты. Қансыраған келіншекті көпқабатты үйдің кіреберісінен бірінші болып тауып алған да осы көршілері болатын. Полицияның дерегінше қанды оқиғаға - арадағы қызғаныш себеп болған. Асылбек Даниярдың репортажы.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Үш жыл бойы отасқан ерлі-зайыптылар Тәуелсіздік даңғылы бойындағы дәл осы үйдің 4 қабатында өмір сүрген. Көршілерінің сөзінше, бұл жанұяда үнемі ұрыс-жанжал болып тұрады екен. Кеше 28 сәуір күні тағы да әйелі мен күйеуінің ортасында кикілжің пайда болып соңы өлім жағдайымен аяқталыпты.

Бұл пәтерде марқұм баласымен және әпкесімен тұрып келген. Полиция: ерлі-зайыптылар 2017-ші жылы некелескенімен, биыл қаңтардан бері бірге тұрмайтынын" айтты. Марқұм 27 сәуір күні құзырлы орындарға хабарласып, күйеуіне шағымданған. Бұзақыны ұстап, әкімшілік іс қозғапты. Алайда, 28 сәуір күні таңертең жәбірленуші учаскелік инспекторға қайта қоңырау шалып, күйеуіне ешқандай арызы жоқ екенін жеткізген. Бірақ мұнымен іс бітпепті.   

Ғұсман ЖАКИН, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 
Кеше 14.30-да "102" -ге қоңырау түсті. Тәуелсіздік даңғылындағы үйдің баспалдағында пышақ жарақатымен 38 жастағы әйел табылды деп. Ол № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді және сол жерде қаза тапты. Күйеуі көп ұзамай ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактімен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-ншы кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қансырап жатқан әйелді астыңғы қабатта тұратын көршісі байқап, дереу жедел жәрдем шақыртыпты.

Виталий ПРИХОДЬКО, МАРҚҰМНЫҢ КӨРШІСІ:


Мен подьезден біртүрлі дыбыстар естідім. Сосын қарасам төртінші қабаттағы көршім жатыр екен. Алғашында оны біреулер ұрып кеткен болар деп ойлап қалдым. Қасына жақындасам қансырап жатыр екен. Ол кезде есін білетін Жедел жәрдем шақырдым, 10-15 минуттан кейін келіп алып кетті.

Марқұмның құрбысы Галинаның айтуынша, қанпезер бұны алдын ала жоспарлауы мүмкін. Өйткені соңғы кезде ол пәтерінен шығуға қорқатын,- деді. Енді күдіктінің қатаң жазалануын сұрайды. 

Галина МИЛЛЕР, МАРҚҰМНЫҢ ҚҰРБЫСЫ:

Оны қалай жерлеу керегін білмеймін? Көршілер мен туысқандарының барлығы қоштасу рәсіміне қатысқысы келеді. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты тек 10 адамға ғана рұқсат етілді. Құрбымды өлтірген қылмыскерге соттың қатаң жаза беруін сұраймын. Оны өмір бойы түрмеге отырғызсын.

Құзырлы орындар күдіктінің өз кінәсін толық мойындағанын мәлім етті. Сондай-ақ арадағы жағдайға қызыл иттей болған қызғаныш себеп деді. Егер отағасының кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал, марқұм әйелдің артында 2 баласы қалды. Олар қазір әпкесінің қамқорлығында.

А. Данияр