Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбедегі мектептердің бірінде парта сатып алу идеясы дауға ұласты

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2017
  • 3184

Ақтөбедегі мектептердің бірінде ата-аналар жиналысының соңы үлкен дауға ұласты. Жиында мектеп сыныптарына парта сатып алып беру жайы сөз болған. Ата-аналардың бірі оған түбегейлі қарсы шығыпты. Алайда, балаларының жаңа партада отырғанын қалаған басқалары ақша жинауға келісіп, тіпті мектеп директорымен бірге білім бөлімінің басшысына барды. Мәселенің мән-жәйін Жақсыбек Кемал айтып береді.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Бұл - қаланың ескі бөлігінде орналасқан мектептердің бірі. Орыс тілінде білім береді. Балаларының жайлы білім алуына жағдай жасағысы келген ата-аналар жаңа парта сатып  алуға келіскен. Дегенмен, оларға қарсы шыққандары да болыпты.

«Я  серьезно, я  против  того,  давайте  еще  что-нибудь  снимем.  Я  против!  Я  против! -Оля,  подожди,  Ты  что, …что  ли? Ну  что  это  такое  «я  против?!» Что  за  детский  сад?! Вот  мужчина  стоит, я  бы  сейчас сняла  штаны и  …. показала,  чтобы  ты  сняла,  ты  что.  Совсем,  что  ли? -Почему  я  должна парты  покупать?  Может,  кирпичи  купить в  эту  школу?


Бейнежазбаны ақша жинауға қарсы болған ата-ана түсірген. Алайда, баламыз дұрыс партада отырсын деген ниетпен қаражат шығарудан қашпаймын дейтіндер де бар.

«Парталар мен столдардың қандай жағдайда екенін көрсеңіз. Бұл жерде ешкім ешкімді қыстап жатқан жоқ. Әркім өз еркімен береді. Мен, мысалы, 1000 теңге қосуға қарсы емеспін, есесіне, балам жаңа партада отырады».

Ал, бүгін «бұл мәселеге мектеп директорының қатысы жоқ, қаржы жинауға өз еркімізбен уағдаластық» деген өзге ата-аналар қалалық білім бөлімінің басшысына барды.

Индира Бексұлтанова, қалалық білім бөлімінің басшысы:

Әр мектепте де бұйрық бар толығымен. Ондай қаржы жинамау туралы, олар жақсы біледі. Ол өздерінің жұмысы ата-аналардың. Дегенмен, бұл жерде  мен басшымен және класс жетекшімен түсініктеме алып сөйлесетін жағдай, бұл жерде бұлардың жауап беретіні, ол мектеп ғимаратының ішінде, класс бөлмесінде ата-аналардың өздерін қалдырып кетуіне жол бергендеріне жауап беретін болады.

Мектептердегі ақша жинау мәселесі бірнеше жылдан бері осы саладағы шенділердің де, қарапайым халықтың да бас ауруына айналып кеткені белгілі. Білім министрлігінің бұйрығымен елдегі барлық білім ошақтарында қаржы жинауға тыйым салынған. Бұған қарсы келгендер жауапкершілікке тартылады. Мектеп директоры «Ешқандай ақша жинау туралы мәселе болған жоқ» дейді. Айтуынша, демеушілік танытуға ниет білдірген ата-аналардың өздері екен.

Айгүл Алдиярова, № 22 мектептің директоры:

Бұл «Туған жерге тағзым» акциясы аясындағы жұмыс. Ата-аналар  мектептің материалдық жағдайын жақсартуға атсалысу мақсатында демеушілік жасағысы келді. Әбден ескірген парталарды алмастыруды ғана ойлады.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Білім нысандарының материалдық-техникалық базасы бюджет есебінен жаңартылуы тиіс. Мәселен, жаңа оқу жылы қарсаңында әр мектепке екі оқу бөлмесіне арналған парталар берілген. Сондай-ақ даудың ортасында қалған мектеп директоры биыл қалалық білім бөліміне жаңа жиһаздарға тапсырыс бергені де белгілі болып отыр.

Жақсыбек КЕМАЛ