Русский Сайттың толық нұсқасы

Әскери бөлім командир мен оның орынбасары миллион теңге пара алды деген күдікке ілікті

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2020
  • 4506

Алматы облысында әскери бөлім командирі мен оның орынбасары миллион теңге пара алды деген күдікке ілікті. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері хабарлады. Әскери шенділер бөлімге тамақ өнімдерін ұсынатын кәсіпкерді қанатының астына алуға уәде еткен, ол еңбектерін миллион теңгеге бағалапты.

Данияр АҚУАН, ҚР СЖҚІҚ АГЕНТТІГІ 1-ШІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Алматы облысындағы Қорғаныс министрлігіне қарасты 32-363 әскери бөлімінің командирі мен оның орынбасары миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Ақшаны әскери бөлімге азық-түлік тасымалдайтын кәсіпкерден алған.

А. Кемелжан