Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысы Мақтарал ауданында 7 елді-мекенді су басу қауіпі сақталуда

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2020
  • 4002

Түркістан облысында су басып қалған елді-мекендерге материалдық көмек көрсетіледі. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев бүгін Үкіметтің онлайн селекторлық кеңесінде осылай деді. Шығын көлемі әлі белгісіз, есептеліп жатқанын айтты. Белгілісі, 7,5 мың гектар егістік пен 5 елді-мекен судың астында қалған. Тасқын кесірінен 845 тұрғын үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 ауылдық емхана зардап шекті. Топан судан қауіп әлі саябырлаған жоқ. Ал, су басқан аймақтардағы коллекторларды тазарту үшін Өзбекстан көмек көрсетеді.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Олар өздерінің техникасымен кіріп, біздің бүкіл коллекторларды тазалауға көмектесетіндігіне келісім алып келдік. Тек қана біз олардың шекарадан өтуіне доступ беруіміз керек. Одан бөлек үйлерде мүлік қалды оны есептеу бізге қиын жағдай.

Үкімет отырысында сондай-ақ 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту мәселесі де қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында бірқатар кешендік жобалар қолға алынған. Соның бірі ынталандыру шаралары. Оның өзіне министрлік жергілікті атқару органдарымен бірлесіп 1 млн 220 мың адамды жұмысқа тартпақ.

Д. Мұхаммедкәрім