Русский Сайттың толық нұсқасы

Суда қалған екі ауылдың қазығы басқа жерге қағылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2020
  • 2738

Түркістан облысында тасқын судың астында қалған Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарының орны ауыстырылмақ. Өйткені бұл елді-мекендер қызыл судың бел ортасында қалған. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бүгін БАҚ өкілдерімен өткен брифингте осыны айтты. Қос ауылда жиналған судың тереңдігі екі метрге дейін жеткен. Жүз пайыз суда қалған баспаналардың алды алғашқы күні-ақ опырылып құлаған.

Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір жерді қарастырып жатырмыз, қай жерде... Өзіңіз білесіз Мақтаарал ауданында бос жер жоқ, тығыз орналасқан халық. Сол мәселерді қазір қарастырып жатырмыз. Негізі Жеңіс және Жаңа тұрмыс тұрғындарынан ұсыныс түскен. Сол ауылдардан 70 пайызы келісім болуы керекта жазбаша түрде. Ертең, ойбай көшпейміз, ата- бабамыздың жері, зираты ... дегендей айтып тұрса біз ештеңе істей алмаймыз.

Әкімдіктің дерегінше су деңгейі біршама түсіпті. Жалпы ұйымдасқан түрде жүргізілген бөгет салу, бекемдеу жұмыстарының нәтижесінде қауіп сейілгенін жеткізді. Сәкен Қалқаманов эвакуациялық орталыққа тіркелген әрбір тұрғын өтемақы алатынын айтты. Ал, суда қалған үйлердің жарамдысы жөнделіп, қирағаны қайта тұрғызылады деді.

А. Төребекқызы