Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде карантин кезінде отбасындағы зорлық-зомбылық екі есеге артқан

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2020
  • 3679
Ақтөбеде карантин кезінде отб асылық зорлық -зомбылық дерегі екі есеге артқан. Тіпті күйеуі бір келіншекті жеті баласымен үйден қуып шықса, келесі келіншектің басын жарып, аяғын сындырған. Қазір өңірдегі дағдарыс орталығында өз отбасында қорлық көрген 36 адам жатыр. Орталықтағылар қосымша бөлімдер ашуға мәжбүр болған. Әріптесім Бақыт Рахметова жалғастырады.

Ақтөбеді карантин кезінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың дерегі артқан. Ерінен оңбай таяқ жеген, басын жарып, аяғын сындырған жағдайлар да кездескен. Ең жақын адамдарынан жәбір көрген нәзік жандылар амалсыз осы орталыққа келген. 

Гүлсана БАЛҒАБАЕВА, «МАЛИКА» ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Көбіне әйелді сабаған, аяғын сындырған. Қол жұмсап басын жарғандар болды арасында тіпті өз баласын ұрғандар бар. Карантин уақытында көбейіп кетті. Екі есеге көбейді. 

Ирина әжей Ресей елінің азаматы. 77 жастаға зейнеткер екі жыл бұрын көрші тұрған қазақ отбасымен бірге еріп, Ақтөбеге келген.  «Бағамыз, қағамыз, жағдайыңызды жасаймыз» деген соң сеніп едім дейді қария. Тіпті екі бөлмелі пәтерінде сатып жіберген. Алайда шекара асқан соң жағдай күрт өзгеріпті. "Құжаттарымды, зейнетақы алатын картамды тартып алып өзімді құлдыққа салды дейді

Ирина, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Ол жақта өте жақсы адамдар болатын. Мында келе сала өзгерді. Мені үйдің барлық шаруасына жекті. Ұрды соқты. Кеудемнен жұдырықпен сабайтын. Ішімнен тебетін. Менің омыртқам сынған негізі қолымда дұрыс қозғалмайды. Соған қарамастан мені қатты зәбірледі.


Карантин бітісімен Ирина әжей еліне оралуды жоспарлап отыр. Ал оған қиянат жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл орталықта Ирина секілді түрлі тағдыр тауқыметің арқалаған 36 адам бар. Көпшілігі бет-жүзін көрсетіп, жағдайын айтудан бас тартты.

Гүлсана БАЛҒАБАЕВА, «МАЛИКА» ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жеті баласымен әйел далада қалып үкіметтің берген үйінен күйеуі қуып шыққан. Таяқ жеген. Ұрған ана әйел балаларын алып далаға қашқан. Сенім телефонына звондап бізге түсті.

Карантин уақытында орталық қосымша бөлмелер ашуға мәжбүр болған. Ол жерде тағы 28 адам бар. Мұндағылармен қазір психологтар, арнайы мамандар жұмыс жүргізуде. Нәзік жандылар орталықта тек жарты жыл ғана тұра алады. Ал, одан кейінгі олардың тағыдыры әзірге беймәлім.

Б. Рахметова