Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде нан комбинаты жұмысшысынан COVID-19 анықталған

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2020
  • 2483

Ақтөбеде ірі нан комбинатының жұмысшысынан коронавирус анықталды. 59 жастағы әйел күзетші-контролер болып жұмыс жасаған. Қазір нан комбинанты уақытша жабылып, ондаға 157 қызметкер оқшауланған. Науқас қызуы көтерілген соң жедел жәрдем шақырыпты. дәрігерлер сынама алып, дертті анықтаған. Онымен тығыз қарым-қатынаста болған, алты әріптесі провизорлық орталыққа жатқызылған. Қазір науқастың жағдайы қаңағаттанарлық деді ақ халаттылар. Ал кәсіпорын жұмысшылары тексірістен өткен. Сынама нәтижесі теріс шыққандары, жұмысқа шықса да учаскелік емханалардың бақылауына алынады.

Аманжол ӨТЕҒАЛИЕВ, АҚТӨБЕ қ. ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Кәсіпорынның 157 адамы список бойынша бәрінен анализ алынды. 146-сыныкі да «отрицательный», қалған 11 адамдікін күтудеміз. Бұл кәсіпорында «генуборка» и «заключиттельная дезинфекция» жасалғаннан кейін өз жұмысын жалғастыруына мүмкіндігі бар.

Ал, Атырау облысында аталған дерт тағы 92 адамнан табылды. Олар негізінен Теңіз кенішіндегі мердігер мекеме жұмысшылары.  Науқастармен байланыста болған, тағы екі мыңнан астам адам карантинге алынды. Қазір кеніштегі 17 ошақ белгілі болды. Осылайша аймақта қауіпті індетті жұқтырғандар 432-ге жетті. Оның 359-ы Теңіз кен орны жұмысшылары. Мамандар жағдайдың ушығуына жұмысшылардың карантин режимін сақтамауы себеп деп отыр.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ондағы мекеме қызметкерлерінің әлі де болса әлеуметтік қашықтықты сақтамауыбірге болғылары келуі, ортақ орында темекі тартуға тырысуы деген сияқты яғни карантиндік талапты сақтамауынан.

Б. Рахметова