Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде жедел-жәрдем қызметкерлері қорғаныш киімдерін бір айдан бері жуып, кіиіп жүр

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2020
  • 2361

Ақтөбеде жедел-жәрдем қызметкерлері арнайы қорғаныш киімдеріне әлі күнге дейін жарымай отыр. Бүгін олар бас көтеріп, карантин жағдайындағы проблемаларын ортаға салды. Қауіптің ортасында жүрсе де бір реттік киімдерін, жуып киіп жүргендерін бір ай болған. Ең аяғы уәде етілген сыйақыны да ала алмай жүргендеріне наразы. Ақ халаттылардың жанайқайын Бақыт Рахметова тындап қайтты.

Қауіпті індет кезінде де тыным таппаған жедел жәрдем қызметкерлері, медициналық қорғаныс құрал-жабдықтарына жарымаған. Көпшілігі жеке басының, отбасының қауіпсіздігі үшін қорқады.

Ерболат ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ БЕКЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Контактный адамға барып тұрмыз. Бізде риск жоқ деген қайда?!. Мен өзім детский бригадамен жүремін. 40,38,39 температура адамды тасып жүрмін. Мен өзім. Мына маскімен міне мына киіммен. Бүкіл поликлиниканы киіндіріп қойды,бізде форма жоқ. 

Негізі Ақтөбе облысында 52 бригада бар. Оның тең жартысы коронавирус жұқтырғандарға жұмылдырылған. Республикалық қазынадан бөлінген үстемеақы тек соларға тиесілі. Ал қалған бригадаларға жергілікті бюджеттен жүз мың теңге көлемінде бір реттік сыйақы тағайындалыпты. 

Ерболат ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ БЕКЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Елу мың берді. Біз премия деп ойладық. Бүкіл жұмыстан шығып кеткен, зейнетке кеткен, декретке кеткен адамға берді. Ойласаңыз премияны кімге береді. Жұмыс жасап жүрген адамға бермей ме. Бұл жерде бүкіл халыққа жеті жүз адамға берді. Бірақ артынан айлықтан сол ақшаны бізден қайта ұстап қалды.

Бауыржан ИСМАЙЫЛОВ, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ БЕКЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Премия негізі жүз мың деді. Сосын сексен мың оның аяғы 34 мың корешокта 43 мың деп жазулы тұр. Содан 9,5 мыңды ұстап қалған.


Арман ҚҰЛЫМБАЕВ, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ БЕКЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бір рет соның өзін бере алмай жатыр келер жеті береміз нақты деді. Содан үш жеті өтті. Әлі берген жоқ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сыйақыға қатысты мәлемет берді. Олаардың дерегінше аймақтағы медицина қызметкерлеріне жергілікті бюджеттен әуелі 24 миллион теңге бөлініпті. Жуырда тағы 31 миллион теңге бөлінгенін айтты.

Әсет ҚАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ:

Ол ақша жасап қызметкерлерге қосымша берілетін болады. Кімге қаншадан берілетінін мен білмеймін. Жүктемесі есептеледі. Барлығы атқарған қызметіне сәйкес беріледі. Оған қаражат бөлінген. Жүз мың теңгеден ақша береміз дегеніміз рас. Бірден емес. Бөліп-бөліп беріп жатырмыз. Айттық уәдені біз міндетті түрде орындаймыз.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Жедел жәрдем қызметкерлеріне уәде етілген сыйақы жақында төленетін болды. Ал, арнайы қауіпсіздік жабдықтарымен қамтамасыз етілмеуінің себебі белгісіз. Оны облыстық денсаулық сақтау басқармасы тексеруге уәде етті.

Б. Рахметова