Русский Сайттың толық нұсқасы

Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салу рәсіме ертең өтеді

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2020
  • 6146

Суыт хабар. Белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден өтті. Журналистика саласында қарекетке мығым маман, бұған дейін өзінің сырқаттанып жүргенін әлеуметтік желідегі парақшасына салған болатын. Сол сырқатынан айықпастан, 49 жасында дүние салды. Қазақ телевизиясынан ойып орын алған Бейсен Құранбек, "Айтуға оңай", "Қаракет" бағдарламалары арқылы көпшілікке жақсы таныс.

Ол Алматы облысы Қызылжар ауылының тумасы. Еңбек жолын «Спорт» газетінде бастаған. Кейіннен бірқатар республикалық телеарналарда және Президент телерадиокешенінде еңбек етті. Облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры қызметін де атқарған. 2013-2017 жылдары аралығында халықтың әлеуметтік мәселелерін көтеретін бағдарламаларды тізгіндеді. Ол Президент сыйлығының иегері. Сондай-ақ, 2013-ші жылы "Нұр-Сұңқар" сыйлығын иемденді. "Қазақстан мәдениет қайраткері" атағымен де марапатталған. Марқұммен қоштасу рәсімі ертең сағат 10:00-де Алматы облысындағы "Журналистер үйінде" болады. "Астана телеарнасының" ұжымы, "аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан" әріптесіміздің артында қалған туыстарына қайғыра көңіл айтады.

Ә. Лесбек