Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда енді әскери база, қоймалар маңында құрылыс жүргізгендер жазаланады

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2020
  • 2694

Қазақстанда енді әскери база немесе қойма маңында құрылыс жүргізгендер жазаланады. Бүгін Сенат тиісті заң жобасын қабылдады. Мақсат - Қарулы күштер арсеналдарының, базалары мен қоймаларындағы оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Нақтырақ айтқанда Арыста болған оқиғаның қайталануына жол бермеу. Толығырақ, келесі бейнематериалда.

Арыстағы жарылыс елдегі оқ дәрі сақтау қоймаларында қауіпсіздік мәселесі ақсап тұрғанын көрсетті. Бірнеше адам көз жұмды. Сонда көпшілік оқ-дәрі қоймасы елді-мекендерге жақын орналаспағанда адам қазасы болмас ма пе еді деп болжаған еді. Ал бүгін арада бір жыл өткен соң парламенттің жоғарғы палатасы тиісті заңның кемшіліктерін көрсетіп, өзгертулер енгізді.

Нұржан НҰРСИПАТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Әскери нысандарға іргелес жатқан аумақтардағы тұрғындардың, ғимараттардың және құрылыс жайлардың қауіпсіздік мәселесі толық шешілмеген. Және оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестірудің төмен деңгейде болуы.

Сенатор мысал ретінде қоймаларға жақын жерде үй және басқа да ғимараттардың салынғанын айтты. Құрылысқа кезінде рұқсат берілген, енді сол тұрғындарды ол аймқтан көшіру мәселесі қалай болмақ деген сұраққа Қорғаныс министрінің орынбасары жауап берді.

Бақыт ҚҰРМАНБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Тиым салынған аймақтарды анықтап, Үкіметке жолдау Қорғаныс министрілігің мойнында. Егер сол ауданда тұрғын үйлер болса тұрғындарға өтемақы беру мәселесі қарастырылады. Ал өнеркәсіп жанданып тұрған болса оқ-дәрі қоймасын көшіру мәселесі көтеріледі.


Жетілдірілген заң жобасын Сенат екінші оқылымда қабылдады. Енді бұл құжат Президентке жолданады. Қол қойған жағдайда тиым салынған аймақта құрылыс жүргізуге мүлде болмайды. Заң бұзушылық анықталып жатса, оған әкімшілік жаза қарастырылған.

Ә. Өмірзақ