Русский Сайттың толық нұсқасы

«Рамазан сыйлығы» акциясы басталды

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2020
  • 3217

«Рамазан сыйлығы». Осындай атаумен ел астанасында акция басталды. Бұл шараға Біріккен араб әмірліктерінің елшілігі және "Nur Otan" партиясының елордалық филиалы мұрын дық болды. Мақсат, қасиетті айда мұқтаждарға көмектесу. Салмағы 70 келіден асатын қораптарда, азық-түлік салынған. Оларды еріктілер бүгінен бастап тұрмысы төмен отбасыларға жеткізуді бастады.

Мәди ТАЙПИН, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ САЯСИ ЖҰМЫСТАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:


Рамазан айында мұқтаж отбасыларға арналған акция болып есептеледі. 80-нен астам себет дайын тұр, әрқайсысында 70-75 келі азық-түлік бар. Бүгіннен бастап екі-үш күнде таратып үлгереміз деп ойлаймын.

Ә. Өмірзақ