Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда он жастағы қызға әлімжеттік жасамақ болған күдікті қамалды

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2020
  • 1871

Алматыда он жастағы қызға әлімжеттік жасамақ болды деген күдікті ұсталды. Қалалық Полиция Департаменті оның тұрғылықты мекен-жайы жоқ екенін анықтады. Тіпті жеке басын куәландыратын құжаты да болмаған. Өзін Тәжікстан елінің азаматы деп таныстырған күдік, қазір қамауда отыр.

Әлеуметтік желідегі мына жазба күні кеше жүктеліп, елді біраз дүрліктірген еді. Онда Медеу ауданының тұрғыны Евгений Малюк, көрші үйдің қызына араша болғанын айтып, жұртқа үндеу жолдаған. Ол бейтаныс адамның ерсі қылықтарын байқапты. Тіпті күдікті адамды суретке де түсіріп алған.

Әлеуметтік желіде жылдам тараған осы жазбадан соң, аудандық полиция өкілдері суреттегі азаматқа іздеу салыпты. Көп ұзамай күдікті де қолға түскен.

Қанат ТАЙМЕРДЕНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Евгений деген азаматқа өзім алғысымды білдіремін. Қазір бұл қылмыс бойынша тағы да тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол Тәжікстанның азаматы енді өзінің айтуы бойынша. Арнайы абақтыға қамалды.

Ал он жастағы бүлдіршіннің анасынан полицияға арыз-шағым жазбаған. Қызына ешқандай азғындық жасалмағанын айтып, істі жылы жапқан. Құзырлы орындар болса, Тәжік азаматын құжаттары болмаған соң, қамағандарын айтты. 

Ә. Лесбек