Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауруханаға асыққан науқас жол апатынан көз жұмды

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2020
  • 5299

Батыс Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, ауруханаға апара жатқан науқас көз жұмды. Облыстық полиция департаменті қайғылы оқиғаның "Орал-Ақсай" тас жолында болғанын хабарлады.

«Жедел жәрдемге» соғылып, сау-тамтығы қалмаған жеңіл көліктің жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кеткен. Апат орнына шұғыл түрде санавиация жіберілген. Алайда медициналық көліктегі науқас әйел де оқиға орнында көз жұмды. Бұдан бөлек, ауруханаға жеткізілген төрт адамның үшеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Әлия НАУРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Қазір осы қайғылы оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр. Анықтаушылар жеңіл мәшине жолдың қарсы бетіне шығып, жедел жәрдем көлігіне соғылған деген болжам айтып отыр. Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары басталды.

     
Е. Карин