Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздық кәсіпкерлер базарлар іске қосылсын деп әкімдік алдына жиналды

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2020
  • 1909

Тараздағы ең ірі көтерме базар саудагерлері бүгін әкімдік алдына жиналды. Кәсіпкерлер базарды ашуды талап етіп отыр. "Екі ай үйде жатып, табысымыз тоқтап қалды. Күн көріс қиындап кетті", дейді саудагерлер. Тараздағы базар дауын тілшіміз тыңдап қайтты.

Таразда базар жоқ. Жергілікті саудагерлердің жұмысы тоқтап қалғанына екі айдан асты. Кәсіпкерлер бүгін облыс әкімдігінің алдына жиналып, "Базарды ашу керек", деген талап қойды.

Саудагерлердің сес көрсететін облыс әкімдігін күтпегені анық. Жиналған жұртқа шыққан атқамінерлердің кейбірі тіпті медициналық бептерде кимей ұмытып кетіпті. Шененушіктердің салғырттығын кәсіпкерлер бетіне басты.

Екі айлық карантин тараздық талай кәсіпкерді аяқтан шалды. Шығынға белшесінен батқан саудагерлер ертеңгі күндеріне алаңдаулы.

Сәуле МЕЙІРМАНОВА, САУДАГЕР:

Біздің шыдамымыз бітіп, осында келіп, әкімшілік өкілдері, прокуратура өкілдері келді. СЭС келді. Біз соларға сұраныспен шығып тұрмыз бізге базарды ашып берсін деп.
 
Базар басшылығы болса, әкімдіктен асып кете алмайтынын айтып ақталуда. Облыс әкімінің орынбасары болса, "Бұл мәселе жақын арада шешіледі", деп уәде берді. Тараздық саудагерлер сауалы осы жұмада өтетін аймақтық штабта шешілмек.

Нұржан КАЛЕНДИРОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Так, болдық қой деймін. Бір біріміздің уақытымызды ұстамайық. Жұма кіні кездесеміз, все! Мен келемін базарға. Міне екі өкілдеріңізді сайлап бердіңіздер. Солармен хабарласып отырамын.

Мәселе шешімін таппай қалуы әбден мүмкін. Өйткені, өңірдегі эпидемилогиялық ахуал мәз емес. Тек соңғы екі тәулікте аймақта 66 адам COVD-19 дертін жұқтырған.

Б. Жұмабайұлы