Русский Сайттың толық нұсқасы

Партия Алматыдағы құрылыс нысандарын өз бақылауына алды

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2020
  • 2088

Алматылық құрылыс компаниялары отандық өнім үлесін арттыруы керек. Қала әкімдігі барлық құрылыс нысандарына осындай талап қойды. Жаңа шартқа сәйкес құрылысқа қажетті материалдардың 80 пайызы отандық, 20 пайызы шетелдік болуы қажет. Бұл арқылы "өзіміздің" өнімге сұранысты арттырамыз деп отыр. "Нұр Отан" партиясының алматылық филиалында бүгін осы мәселе көтерілді. Партия жанынан құрылған жұмыс тобы шаһардағы құрылыс нысандарын аралап, өз көздерімен көріп шықты.  Бірнеше кәсіпорынға талап қойылды. Компаниялар тарапынан шарттар қабылданды. Соның бірі - Түрксіб ауданында күрделі жөндеуден өтіп жатқан балабақша. Нысанға, "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 150 млн. теңге бөлінген.

Барыс ЖАПАРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Алматы қаласының өнеркәсіп орындарының өнімдерін сатып алу арқылы және де бұл құрылыс жұмыстарына қала тұрғындарын тарту арқылы... Мына қиын жағдайда халықты іспен қамтамасыз ету мәселелерін тікелей іске асырып жатырмыз, деп ойлаймыз.

Сонымен қатар, осы күні партиялықтар алматылықтарға 2 мың медициналық бетпердені тегін таратты. Акция «Жақыныңды сақта» деп аталады. Еріктілер 10 күн ішінде Алматыдағы ірі қоғамдық орындарды аралап шықпақ. Осы аралықта партия белсенділері, "20 мың маска таратамыз", деп отыр.

Мәди АХМЕТОВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл акцияның негізгі мақсаты - түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, халықты карантин шараларын қатаң сақтануға және карантин әлі жалғасып жатқандығын жеткізу үшін жасалып отыр. Бұл жерде бір адамның карантинге немқұрайлы қарауы басқа жақындарының, отбасының осы дертке, пандемияға душар етуі мүмкіндігі ақпаратын жеткізгіміз келіп отыр.

А. Кемелжан