Русский Сайттың толық нұсқасы

Моланың басынан сәбидің денесі табылды

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2020
  • 3432

Тобыл өңірінен жан түршігерлік хабар. Моланың басынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды. Қара дорба, ақ матаға оралған нәрестенің денесін зират басына барған жітіқаралықтар байқапты. Тас жүрек "көкек ана" іздесітірліп жатыр. Толығырақ Заңғар Санай жеткізеді.

Шақалақтың мәйіті мамырдың 27 күні кешке табылды. Моланың басына бірден жеткен полицейлер нәресстенің денесінен ешқандай зақым белгілерін таппады. Алайда, баланың денесі иістеніп кетіпті. Соған қарағанда шақалақ қара дорбада бірнеше күн жатқанға ұқсайды. Нәрестенің денесі қазір мәйітханада. Сараптама жүріп жатыр.

Ирина БЕЖЕНАРЬ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Аталған факті бойынша ҚР ҚК 100 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Сараптама тағайындалды.Бүгінгі таңда жаңа туған баланың анасын, сондай-ақ куәларды  анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Без бүйрек ана табылып жатса 4 жылға дейін бас бостандығын айырылуы мүмкін. Өкінішке орай мұндай жантүршігерлік оқиғалар Қостанай облысында жиілеп кетті. "Бұл жас аналардың жан күйзелісімен байланысты", дейді психолог мамандар.

Нұргүл ӘУБӘКІРОВА, ПСИХОЛОГ:

Әйел адамдарда кездеседі босану кезеңінен кейінгі күйзеліс деген.Яғни мұндай жағдайда аналар балаларын қабылдамай,жаңағы сол кезде аналарда көптеген қиыншылықтар туады.Жаңағы қыз бала перзентханаға тіркелмеген және де психолог маманның алдынан өтпеген боп тұр.Соның салдарынан осындай әрекетке барады.

Соңғы жылдары көкек аналарға байланысты үшінші жағдай тіркеліп отыр. Тас жүрек аналар іштен шыққан баласын құдыққа немесе қоқысқа да лақтырып кетіп жатыр.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Былтыр қараша айында дәл осы қоқыс жәшігінен жаңа туған баланың денесі табылды. Қара сөмкеге салынған шақалақты аула сыпырушы аңғарып,полицейлерге хабар берген. Айналадағы бейнебақылау камераларын  түгел тексерген тергеушілер ақыры күдіктіні анықтады. Қылмыстық іс сот қарауында. Полицейлер Жітіқара зиратына сәбиін тастап кеткен тас жүрек ананы да табуға талпынып жатыр.

З. Санай