Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы Тасбөгет ауданы нәжіс иісіне 20 жыл бойы тұн шығып келеді

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2020
  • 3969

Қызылордадағы Тасбөгет кенті 20 жылдан бері нәжіс иісіне тұншығып келеді. Бүгін редакциямызға осындай шағыммен, тұрғындар хабарласты. Жергілікті халықтың сөзінше, тұрғын үйдегі кәріз құбыры қайта-қайта жарылып, жертөлені "сасыққа" толтырған. "Қолқаны қабатын" иістен әбден мезі болған жұрт, түрлі дертке душар болдық деп ашынды. Шағым айтып бармаған жерлері жоқ. Аудандық әкімдіктің құр шөппен ауыз сүрткеніне бірнеше жыл болыпты. Тұрғындардың жанайқайына, құлақ түрейік!

Айнұр АЯПОВА, ТАСБӨГЕТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кеше де бүгін де, скорыйдан скорый болып, басым ауырып. Иісі деген невозможно. Есіктің алдында анау аңқиып жатыр. Балдар түсіп кете ма деп қорқамын. Әкімшіліктен неше мәрте уәде алып, құр уәдемен келеміз. Нәтиже жоқ. Үй сол қалпында тұр. Үй үстімізге құлап, бір жағдай болған кезде ғана жүгіретін шығар білмеймін.

Мән-жайды анықтау үшін Қызылорда қаласының атқамінерлеріне шығып көрейік. Дәл қазір бізбен байланыста Тасбөгет кентінің әкімі Пахуатдин Шамұратов бар екен. Пахуатдин мырза, Қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз! Көрерменнің базынасын тыңдадыңыз. «Жыл сайын халықты жинап, өтірік уәде беруден шаршамай келеді»,- дейді. Бұл қалай болғаны? Жергілікті биліктің бос сөйлегені ма сонда?

Пахуатдин ШАМҰРАТОВ, ТАСБӨГЕТ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:

Сәлеметсіз бе! Бұған байланысты, мен бұл мәселедан хабардармын. Сонымен қатар, бұл тұрғындармен бірнеше мәрте кездескенбіз де. Қазіргі таңда бұл кәріз жолдарының барлығы су құбыры арқылы сыртқы жүйелерінің бәрі өзгертілді.

Енді, кәріз жүйесі жөнделе ме? Тұрғындар қашанғы шыдайды?

Пахуатдин ШАМҰРАТОВ, ТАСБӨГЕТ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:

Бұл жерде құбыр болғанда, бұл жеке-меншік тұрғын үйдің астары. Меншік иелері өздері жөндетуі керек. Бірақ, бұған мемлекет тарапынан қаражат қаралмайды. Дегенмен, мен бей-жай қарамай, алдағы уақытта демеушілік көздерімен ғана бұл азаматтарға көмек бере аламын.

Жақсы. Сұхбатыңызға рақмет! Бізге хабарласқан көрермендердің мәселесі жақын күндері шешіледі деп сенеміз. Бізде өз тарапыздан бұл жағдай бақылайтын боламыз! Құрметті көрермен, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейтін боламыз!

А. Мүтәлі