Русский Сайттың толық нұсқасы

"Nur Otan" партиясының БҚО филиалы мүгедек балаларға вертикализатор сыйлады

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2020
  • 2219

Тамшыдан теңіз құралады. "Nur Otan" партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы, бір күндік жалақыларын игі іске жұмсады. Жиналған 8 миллион теңгеге вертикализатор құрылғысын сатып алып, жүзден астам мүгедек балаға тарту етті. Бұл бейімдеу құрылғылары жастайынан тағдыр тәлкегіне түскен бүлдіршіндердің қимылын түзеп, саулығын жақсартуға септігін тигізбек. 

Мұрат МҰҚАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Өзге, көршілес облыстар да бар. Оларға да біз біздің меценаттарымыз, "Nur Otan" партиясының мүшелерінің жиналған қаражатынан тегін және облыстағы аудандардың тұрғындары бар, оларды да қамтамасыз етіп отырмыз. Жалпы қазіргі таңда жұмыс "Кедергісіз келешек" бағдарламасы аясында келесі жылы да жалғасатын болады.

Мұндай вертикализаторлардың шетелдік баламасы отандық өнімнен бірнеше есе қымбат тұрады. Сондықтан аталған қондырғыны қамкөңіл ата-аналардың бәрі бірдей сатып ала алмасы анық. Осыны айтқан олар көкейдегіні дөп басып, көңілден шыққан партиялықтарға алғыс жаудырды. Бүгінде Батыс Қазақстан облысында тіркелген 24 мың мүгедектің 11 мыңнан астамы - балалар екен.

Баян ЖОЛТАЕВА, ТҰРҒЫН:

Осы тренажерларды, вертикализаторларды жасап беріп жатқан, үлкен көмек көрсетіп жатқан партиясына үлкен алғысымызды білдіреміз ата-аналардың атынан еңбектеріне табыс, осылай балаларды қолдап, қорғап жүргендеріне!

Е. Карин