Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰБТ енгізілген биылғы өзгерістер қандай?

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2020
  • 2846

Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 20-сы басталады. Науқан барысында санитарлық қауіпсіздік талаптар қатаң сақталмақ. Тест тапсырушыларға тегін распираторлық маскалар таратылады. Ал, тыйым салынған заттар табылған жағдайда, тестілеудің қортындысы жойылады. Биыл ел аумағынан 131 мыңнан астам жас түлек тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Түлектердің басым бөлігі онлайн форматта өтініш жолдапты. Тағы бір айта кетерлік жайт педогогикалық мамандықты таңдағандардың шекті баллы жоғарылады.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Ұлттық бірыңғай тестілеу бұрынғы форматта, яғни еш өзгеріссіз өтеді. Тек санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау қатаң түрде талап етілмек. Дезинфекциялық дәлізден өткен түлектің кіре-берісте дене қызуы тексеріледі. Арнайы төсенішке аяқ киімінің табанын сүртіп, санитайзермен қолын тазартқан соң ғана аудитория жаққа беттейді.

Дәрісханаға жіберілетін адамдар саны қырық-елуден аспауы тиіс. ҰБТ-ға қатысушылардың арақашықтығы кем дегенде 2 метр болуы шарт. Сондықтан биыл тест тапсыратын топтардың легі де көп. Ал ата-аналар тестілеу орталығының алдына шоғырланбай, үйінде отырып баласын онлайн режимде бақылауға жағдай жасалмақ.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

ҰБТ-ға қатысу үшін кіру кезінде бет әлпетін тану Face ID көмегімен тұлғаны сәйкестендіру алғаш рет қолданылады. Жылда берілген қағаз серфтифкат орынына биыл ҰБТ элктронды сертификаты, және білім беру грантын  тағайындау кезінде де біз электронды куәлік енгіздік. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін талаптар күшейтілуде. Шекті балын алдыңғы жылы елуден алпысқа көтерсек,биыл оны 70 баллға дейін  көтеріп отырмыз.

Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл тест тапсырғысы келетін түлектер саны шамамен 8-11 пайызға артқан. Қауіпті індетке байланысты мектеп бітірушілердің көбісі отандық іргелі оқу орындарына түсуге ниетті. Қостанай облысы бойынша 3 мыңнан астам оқушы тест тапсырмақ.

Нұргелді ХАСЕНОВ, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұрын күніне 800-ге жуық адам бір күнде тест тапсырса, енді 300 ғана тапсыра алады. Сондықтан тестілуе уақыты 5-6 күнге созылып кетеді. Биылғы жылы болып жатқан қауіп әсерін тигізді. Соған байланысты көп оқушылар сыртқа шықпай, басқа мемлекеттерге бармай өз елімізде ҰБТ тапсырып өздерін сынап көргілері келеді.

Маусымның жиырмасынан бастап облыс бойынша он тестілеу орталығы жұмысқа кіріседі. Олардың төртеуі қалада, қалғандары аудан орталығында. Санитарлық қауіпсіздікті сақтау шараларына жергілікті қазынадан 33 миллион 500 мың теңге бөлінген.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Бұл жолы тест тапсырушыларға қойылатын талап та қатаң. Мәселен, жасырып ұялы телефон алып өтпек болып, ұсталып қалған жас түлек тест тапсырушылар тізімінен шығарылады. Оқушы бір жыл бойы ҰБТ-ға қатысу құқынан айырылады. Сонымен қатар емтихандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің жіті қадағалауымен өтпек.

З. Санай