Русский Сайттың толық нұсқасы

Зауыттағы ыстық буға күйіп қалған тағы бір жұмысшы жан тапсырды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2020
  • 2721

Ақтөбедегі хром қосындылары зауытында зардап шеккен жұмысшы есін жимаған күйі, бүгін түнде жан тапсырды. Денесінің басым бөлігі күйіп қалған еді.

Ерғали БАЗАРҚҰЛОВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:


Науқас бірден жаңсақтау бөліміне түскен еді. Денесінің 60-75 пайыз бөлігін күйік шалған.  Жүргізілген қарқынды терапиялық ем домға қарамастан бүгін түнгі сағат үштің шамасында жан тапсырды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, мамырдың 28 күні тапа тал түсте зауытта төтенше жағдай болды. Төртінші цехтағы 50 текше метрлік бөшкені жұмысшылар тазалап жатқан. Сол кезде ыстық будан төрт адам қаза тауып, екі жұмысшы күйіп қалған еді. Қайғылы оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің 128 бабымен іс қозғалды. Күдікті ретінде зауыттың бөлім бастығы, цех бастығы және ауысым бригадирі қамауға алынған болатын.

Б. Рахметова