Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарма ауылы жарыққа жарымай отыр

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2020
  • 4986

Қызылорданың іргесіндегі Қызылжарма ауылы жарыққа жарымай отыр. Бүгін редакциямызға хабарласқан тұрғындар, осындай шағым айтты. Ауылдың құрылғанына 10 жылдан асқан. Бірақ бірде-бір электр бағанасы  орнатылмаған. Жергілікті халық өздері тұрғызып қойған тіреуіштері, бүгінде құлауға шақ тұр дейді. Ал оған ілінген электр сымдары жерге салбырап жатқанын айтады. Тұрмыстық техника істен шыққан, өйткені кеш батса жарықтың өшіп қалуы әдетке айналыпты. Тындап көрейік.

Жәмиля ҚОНАҚБАЕВА, ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бір бөлменің светін жағып қойсақ, екінші бөлме сөніп тұрады. Тоқтың бәрі жерде жатыр. Дым істемейді жұмыс біздің ауылдың әкімі ешқандай. Иә. істеледі. Міне істеледі деп. Ешқандай нәтиже жоқ. мен ешқандай нәтижені көріп тұрғаным жоқ.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Мәселенің мән-жайын анықтау үшін Қызылорда қаласының атқанмінерлеріне қоңырау шалайық. Дәл қазір бізбен байланыста Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Медет Сейілов бар екен. Медет Есдәулетұлы, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз! Көрерменнің базынасын естідіңіз! Жарықтың мәселесі 10 жылдан бері шешілмепті. Неге?

Медет СЕЙІЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: 

Қызылжарма ауылдық округінде жаңағы тұрғынның айтып жатқан жерінде Қызылжарма-2 тұрғын ауданы болып саналады. Ол жерде қоныстанушылар 2012 жылдан бастап қоныстанған. Яғни, жаңа қоныстанушылар. Қазіргі кезде ол жерде 8 көше орналасқан. Жалпы, әрқайсысының 1,200 метрден. Электр энергияға келсек. Жалпы ол жерде энергия көп тұрғындар өз бетінше тартып алған. Әрине, ол жерде электр энергиясына тиісті напряжение болмайды. Сондықтан былтыр 2019 жылы қалалық электр энергия тарту бекеті мен 8 көшеге энергия тартылды. Биыл қалған көшелерге жөндеу жұмыстары жасалатын болды. Қазір тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан кейін электр энергиясын тартамыз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Әкім халықтың жағдайын ойламайды дейді. Енді сіздің әңгімеңіз сөз жүзінде қалып қалмаса екен.


Медет СЕЙІЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Әрине. Бізде халыққа қазіргі таңда қала әкімдігінің тарапынан үлкен қолдау тауып жатыр. Шет аймақтарды жол инфрақұрылым жүргізбек. Қалалық бюджеттен қаржы қарастырылған. Сондықтан алдағы уақытта шешіледі.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Сұхбатыңызға рақмет! Қызылжарма ауылының мәселесі біздің назарымызда болады. Біз де өз тарапымыздан жарықтың берілгенін бақылауымызға аламыз. Ал, бізбен телефон арқылы байланысқа шыққан, Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылық округінің әкімі Медет Сейілов. Құрметті көрермен! Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс номеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейтін боламыз!


А. Мүтәлі