Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте орта мектептің директоры пара алды деген күдікпен ұсталды

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2020
  • 3825

Шымкентте мектеп директоры пара алды деген күдікке ілікті. Орта білім беру мекемесінің басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қылмыс үстінде ұстаған. 1963 жылы туылған мектеп басшысы өзі басқаратын білім ұясының қызметкерінен 40 мың теңге пара сұраған деген күдік бар. Бұл ақыны ол әлеуметтанушыны еңбекақысы төленбейтін демалысқа жібермеу үшін алмақ болған көрінеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бізге белгілі болғанындай, күдікке ілінген азаматша аталған мектепті 2014 жылдан бері басқарып келеді. Білім басқармасының дерегінше ол бұған дейін бір рет жұмысынан босатылып, кейін сот шешімімен қайта орнына жайғасқан. Басқарма басшысы директордың басқарушылық қызметіне оң баға бере алмады.

Жанат ТӘЖИЕВА, ШЫМКЕНТ қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Аталған мектеп директоры осы лауазымды қызмет атқарған алты жылдың ішінде педагогтық әдеп нормаларын сақтамай, өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланғаны үшін, қатаң есептегі құжаттарды дұрыс жүргізбегені үшін, сонымен қатар оқу тәрбие жұмысында жіберген олқылықтары үшін бірнеше рет тәртіптік жазаға алынған.

А. Төребекқызы