Русский Сайттың толық нұсқасы

Заңсыз митингке қатысушыларды бейнебақылау камерасына түсіріп алады, - Ж.Бекшин

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2020
  • 2493

"Ертең заңсыз митингке шыққан азаматтарды видеоға түсіріп аламыз". Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин бүгін осындай ескерту жасады. "Халықтың көп шоғырлануы COVID-19 індетінің жаппай таралуына әкеліп соғады", деді ол. Сондай-ақ заңсыз шеруге шыққандар Заң алдында жауап беретінін жеткізді. Еске сала кетейін: бәз біреулер әлеуметтік желілер арқылы халықты Заңсыз митингілерге үгіттеген.

Жандарбек БЕКШИН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:

Хаттамаға сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер карантин режимінде жаппай жиындарға қатысқан азаматтарды тіркеп, видеотүсірілім жүргізеді. Ал, тіркеу қатысушылар санын есептеп, жұқтыру ошағының эпидемиологиялық тексеруін одан ары жүргізіп, коронавирустың таралуының алдын алу үшін қажет.


Маусымның алтысына жоспарланған араңдатушылардың үгіттеріне қатысты Бас прокуратура да мәлімдеме жасады. Құқық қорғаушылар, "Бейбіт жиындарды өткізу және ұйымдастыру тәртібі туралы" жаңа Заң қолданысқа күшіне енетінін ескертті. Жаңа ережеге сәйкес рұқсат етілмеген шеруге қатысушалыр 15 күнге дейін қамауға алынуы мүмкін. Ал, құқық бұзушылыққа барғандарға қылмыстық іс қозғалмақ.

А. Мүтәлі