Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандық көп балалы ана өзіне берілген үйге кіре алмай жүр

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2020
  • 2906

Түркістандық көп балалы ана өзіне тиесілі баспанаға 3 жылдан бері кіре алмай жүр. Редакциямызға хабарласқан тұрғынның айтуынша, оның пәтерін Түркістан қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрыңғы қызметкері басқа адамға сатып үлгерген. Қайтарып алу үшін сотқа да жүгініпті. Сот істі оның пайдасына шешкен. Бірақ пәтерді сатып алып тұрып жатқан иесі шығудан бас тартып отыр, дейді.

Халима ҚАЮМОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сот шешімі мен қолдаса да әлі күнге дейін менің үйімді босатпай отыр. Мен 6 баламмен 25 мың теңге төлеп жалдамалы пәтерде тұрамын. 2017 жылы үй берілген болса 2 жыл осылай 25 мың тг төлеп жалдамалы пәтерді тұрып жүрмін.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін Түркістан қаласының әкімдігіне хабарластық. Қазір бізбен байланыста Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әбутәліп Асанов бар. Қайырлы кеш,Әбутәліп мырза! Сіз тікелей эфирдесіз! Мәселені естідіңіз. Көп балалы анаға тегін берілген үй қалай басқа кісіге сатылып кетіп жүр?

Әбутәліп АСАНОВ, ТҮРКІСТАН Қ. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Иә, 2017 жылы баспағана мұқтаж адамдарға баспана берілген болатын. Және осы Қаюмова деген азаматшаға тұрғын үй комиссиясының шешімімен және қала әкімдігінің қаулысына сәйкес баспана бөлінген. Алайда сол кезде біздің бір қызметкер алаяқтық жолмен біраз баспаналарды заңсыз кіргізіп, соларды орналастырған болатын. Бұл жағдай бойынша 2018-19 жылдан бері қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Алайда біз 2019 жылдан бастап сотқа жүгініп, пәтерді иелеріне қайтару туралы сот шешімі 2020 жылы шықты. Бірақ карантинге сәйкес сот орындаушылары 8 маусымнан бастап пәтерді иесіне қайтару туралы жұмыстарды атқарады. Кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылады.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Енді әлгі кісі қашан пәтеріне кіре алады?

Әбутәліп АСАНОВ, ТҮРКІСТАН Қ. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Халима Қаюмоваға пәтерді босату бойынша сот орындаушыларымен келістік. Келесі дүйсенбіден бастап олар өз әрекеттеріне көшеді.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Болмаса сіздер қазір әкімдік тарапынан көмектесіп, сот ісі соңына дейін жеткенше бір пәтер бере тұрсаңыздар?

Әбутәліп АСАНОВ, ТҮРКІСТАН Қ. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жақсы, ол жағын қарастырамыз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жақсы, сұхбатыңызға рақмет! Алаяқтыққа барғандарды сот анықтап, жауапқа тартады деп сенеміз. Бастысы өзіне тиесілі пәтеріне көп балалы ана қол жеткізеді ден сенейік. Бізде өз тарапымыздан мәселені бақылауымызға аламыз. Айта кетейік, бізбен телефон арқылы байланысқа шыққан Түркістан қаласы Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әбутәліп Асанов. Құрметті көрермен! Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс номеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейтін боламыз!

Ә. Өмірзақ