Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда қаласының шенеуніктері сөзінде тұрмады

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2020
  • 4268

Қызылорда қаласының шенеуніктері уәдесінде тұрмады. Бүгін редакциямызға Күлтегін көшесінің тұрғындары телефон соғып шағымданды. Олардың сөзінше, қала басшылығы біздің эфирде айтқан уәделерін орындамапты. Еске сала кетейін осыдан 5 ай бұрын Қызылорда әкімдігі мамандары, "Күлтегін көшесіне үш ай ішінде күре жол түседі", деп мынандай уәде берген еді.

Фируза ЫСҚАҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ (10.01.2020):

По плану получения заключения экспертизы в феврале месяце этого года. В течении трёх месяцев отремонтируют дорогу.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бірақ, шенеуніктер сөзінде тұрмады. Жергілікті халық әлі күнге, "Ыстықта шаңнан, жауынды күні балшықтан көз ашпай жүр". Лай басқан көшеде электр бағаналары да күн ара құлап жатқан көрінеді. Көрермендер бізге тағы хабарласып, көмек сұрады.

Жұлдызай ЖАНАТАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз осындай көшеде тұрып жатқанымызға уже 10 жыл болды. Тұрып жатырмыз.  Неужели бір шара қолданып. Біз акиматқа бәріне жаздық. Телевидениеге де шығардық.  Иә, істейміз 3 айда деді. Әлі істеген жоқ. Сонда кімге барарымызды уже түсінбей қалдық. 

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін Қызылорда қаласының атқамінерлеріне шығып көрейік. Дәл қазір бізбен байланыста шаһардағы құрылыс бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ержан Қалдыбеков бар екен. Ержан мырза, Қайырлы кеш! Тұрғындардың базынасын тыңдадыңыз. Шенеуніктердің құр уәдесінен шаршадық деп отыр. Ең қызығы, соңғы уәдені сіздер біздің арна арқылы беріп едіңіздер. Одан бері 5 ай өтті. Бұл қалай болғаны? Шенеуніктер уәде берумен ғана шектеле бере ме?

Ержан ҚАЛДЫБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а:

Жалпы биыл Қызылорда қаласы бойынша 200-ден астам көше салу жоспарлануда. Оның ішінде біздің құрылыс бөліміне 50-ден астам көшеге Жол картасы ұсынылған. Ал сіздер сұрап отырған Күлтегін көшесіне биыл жол құрылысы жоспарлануды. Тікелей сұраққа келетін болсақ, өздеріңізге мәлім, еліміз бойынша ТЖ жариялануына байланысты жол салу жұмыстары уақытша тоқатылған болатын. ТЖ қалай басталды, бізідң тарапымызда жұмыстар аяқталды. Осыған орай, жұмыстар маусым айына жоспарлануда. Құрылыстың уақыты нормативке сәйкес аяқталады. Егер, қосымша түсіндірме жұмыстары қажет болса, күні ертең барып, "Күлтегін көшесі" тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын жасаймыз. 

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жақсы. Түсінікті. Мәселені нақты қанша мерзім ішінде шешпексіздер? Бұл жолы құр сөз болып қалмайтын шығар.

Ержан ҚАЛДЫБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а:

ТЖ мерзімі алынғаннан кейін құжат рәсімдеу жұмыстары аяқталып, осы маусым айында басталды. Алдағы уақытта нормативке сәйкес, 5 айдың ішінде жол құрылысы аяқталады.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Рақмет сұхбатыңызға! Бізге хабарласқан көрерменнің мәселесін біз өз бақылауымызға аламыз. Естеріңізге сала кетейін, бізбен тікелей байланыста болған Қызылорда қаласы құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ержан Қалдыбеков. Құрметті көрермен, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз!


А. Мүтәлі