Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда отбасылық кикілжің соңы үш адамның өлімімен аяқталған

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2020
  • 2457

Алматыдағы үйлердің бірінде отбасылық жанжал соңы, қайғылы оқиғамен аяқталды. 69 жастағы ер адам екі кештің арасында туған қызы мен күйеу баласын атып, өлтірген. Артынан өзіне-өзі қол салыпты. Қалалық полиция департаменті, қайтыс болған 41 жастағы келіншектің құрсағында 8 айлық баласы болғанын айтты. Қанды қылмыс жайлы әріптесім Әсем Лесбек айтып береді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жантүршігерлік оқиға, кеше кешкі сағат 8-дер шамасында Түрксіб ауданындағы жер үйлердің бірінде болған. 69 жастағы ер адам қызы мен күйеу баласын атқан. Артынша өзін өзі мерт қылған. 

Оқиға орнына жедел жеткен тергеу тобы, қанды қылмысқа отбасылық кикілжің себеп болуы мүмкін деп отыр. Әрі атыс кезінде тағы бір адамның болғанын айтты. Ол күдікті азаматтың жары дейді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қанды оқиға өрбіген кезде үйінде өз әйелі болған екен. Абырой болғанда ол аман. Қазір куәгер ретінде сұрастырылуда. Қазіргі таңда атылмыш дерек бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 99- бабының 2-тармағы және 105-бабының 1-тармағы бойынша.

Жергілікті полицейлер алдын-ала тергеу кезінде күдікті ер адамның бұрын істі болмағанын анықтаған. Әрі қылмыс кезінде ішімдік ішпеген дейді. Марқұмның жақындары болса, жағдайды түсіндіргісі жоқ.

Әйтсе де, аудан тұрғындары бір күнде қара жамылған отбасының айналасына сыйлы болғанын айтады. Бұрын-соңды ұрыс-керісті де естілмеген едік деп отыр. 

Павел МАКРАУШЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бұл отбасын мұндағылардың бәрі біледі, үлкен ағаны да бәрі жақсы таниды. Бейіттің темір бұйырымдарын жасаумен айналысады. Осы ауданда бұрыннан бері тұрады. Қателеспесем 20 жылдан астам. Өз басым, бұл жанұядан ешқандай кикілжің, ұрыс-керіс естімегенмен, бұрын.

Дегенмен полиция қанды оқиғыға қатысты тергеу жұмыстаын бастаған. Енді олар жанжалдың нақты себеп-салдарын анықтамақ.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Сондай-ақ, департамент өкілдері 69 жастағы күдікті қылмысты тегіс ұңғылы мылтықпен жасағанын айтты. Өзін де сонымен атқанын мәлімеді. Қару күдікті ер адамның атында тіркелгенін жеткізді.


Ә. Лесбек