Русский Сайттың толық нұсқасы

Құмшағал ауылының халқы қоршауы жоқ жардан жапа шегіп отыр

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2020
  • 5344

Жамбыл облысы Құмшағал ауылының халқы, іргеде қазылған жардан жапа шегіп отыр. Редакциямызға хабарласқан тұрғындар «Шағал» серіктестігі басшыларының ел қауіпсіздігімен шаруасы жоқ дейді. Айтуынша карьердің қазылғанына  ғасыр өткен. Ал тереңдігі 5 қабатты ғимараттың биіктігіндей деді. Жұрт бұл құздан соңғы 10 жылда 4 адам құлап қаза тапты деп отыр. Ал, жарға құлаған мал санында есеп жоқ екен. Көрермен жолдаған түсірілімге назар аударсақ.

Айтуынша, мұндай жәйт жиі қайталанады. Жазатайым оқиғалардАн жаны түршіккен тұрғындар, қайғылы оқиғалар қайталанбас үшін кәсіпорын аумағын мықтап бекітуді сұрайды. Тындап көрейік.

Орынбасар ТОҚБЕРГЕН, ҚҰМШАҒАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мекеме басшысына талай мәрте айтқанбыз. Әлі де айта беруден шаршамаймыз. Жан-жақты қоршамаса адам да құлаған кезінде. Серіктестік басшысы 2019 жылы қоршап берем деген еді. Бірақ ешқандай талап орындалған жоқ. 

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Дәл қазір осы мәселеге жауапты серіктестік басшыларымен хабарласып, істің ақ-қарасын анықтап көрейік. Бізбен «Шағал» компаниясының бас инжинері Меделбек Орманбаев байланысқа шыққан екен. Меделбек мырза, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз. Тұрғындардың талабын естідіңіз, өте терең қазылған жерде қоршау неге жоқ? Бола ма?

     
Меделбек ОРМАНБАЕВ, «ШАҒАЛ» ЖШС БАС ИНЖИНЕРІ:

Иә, қазіргі кезде қоршауға қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеп қойдық. Енді тек ғана сетка қажет. Шамамен осы айдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сұхбатыңызға рақмет! Бізбен тікелей эфирде байланыста болған Жамбыл облысына қарасты "Шағал" серіктестігінің бас инжинері Меделбек Орманбаев. Хабарласқан тұрғындардың мәселесін уәде еткен мерзімде шешіп бересіздер деп ойлаймыз. Бұл мәселені бізде өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын тікелей эфирде іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.


Ғ. Өтемісов